2024 жылғы 11-12 сәуірде Астана Медицина Университетінде өткен жас ғалымдар Форумында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы Конкурсының (СҒЗЖ Конкурсы) I кезеңінің жеңімпаздары жарияланды, олар дипломдармен және 110 760 теңге (30 АЕК) сомасынадағы ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша СҒЗЖ Конкурсының жеңімпаздары: Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша 4 курс студенттері Борашев Төлеген Русланұлы, Хамитов Азат Сәбитұлы болды.
«Фармация» бағыты бойынша СҒЗЖ Конкурсының жеңімпаздары: Фармация мамандығының 3 курс студенттері Жеңісханова Алтынай Бақытжанқызы, Әлиева Назым Саматқызы, Шаихов Мәдиар Қабышұлы.
«Жалпы медицина» бағыты бойынша СҒЗЖ Конкурсының жеңімпазы: Жалпы медицина мамандығы бойынша 3 курс студенті Әмір Ұлжалғас Амандыққызы болды.