Ақылы негізде оқитын білім алушылар назарына!

Ақылы негізде оқитын білім алушылар назарына!

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13 мамырдан бастап 2024 жылғы 21 маусымға дейін (бакалавриат студенттері және интерндер үшін) жүзеге асырылады және магистратура мен докторантурада үміткерлердің жоқтығына байланысты, білім беру бағдарламаларының бұл деңгейі бойынша конкурс өткізілмейді.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдауды тиісті мектептер жүзеге асырады.

Құжаттар тізімі:

1) үлгіге сәйкес өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) оқуға ақы төлейтін тараптан бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға және үміткер болуға рұқсат берілген келісімхат (әкімдіктер/өзге де ұйымдар есебінен ақылы негізде оқитын студенттер үшін).

 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика