Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі орталық

Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі орталық

Мақсаттары

  • Орталыққа бекітілген шетелдік студенттердің оқу үдерісін ұйымдастыру, үлгерімін бақылау, талдау және мониторинг жүргізу арқылы "жалпы медицина" және "Стоматология" мамандықтарының бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік студенттерді дайындау;

  • Оқыту сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және шетел азаматтарының тұрмысын жақсартуға ықпал ету, олардың университеттің қоғамдық өміріне қатысуын жандандыру;

  • Медицина саласында жоғары білікті кадрлар даярлау.

Құрылу тарихы

2017 жылы ҚР БҒМ және ҚР ДСМ бағдарламасына сәйкес университеттің стратегиялық жоспарын іске асыратын шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі Деканат ұйымдастырылды. Университет құрылымының өзгеруіне байланысты деканат шетелдік студенттермен жұмыс орталығы болып өзгертілді.

Қызметі

  • Орталыққа бекітілген шетелдік студенттердің үлгеріміне бақылауды жүзеге асыру;

  • Сабаққа қатысу мониторингі;

  • Емтихан сессияларының нәтижелеріне талдау жүргізу;

  • Оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және студенттерді оқыту сапасын арттыруға ықпал ету;

  • Шетелдік студенттер мен оқытушыларға визалық шақыруларды ресімдеу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

  • Шетелдік студенттерге виза;

  • Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің, көші-қон қызметі басқармасында жақын шет елінен келген студенттерді, жұмыскерлерді, делегацияларды, тағылымдамадан өтушілерді, оқытушылар мен мамандарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеумен қамтамасыз ету.

Жетістіктері

1. 2021 жылы алғаш рет "Астана медицина университеті" КеАҚ-да 54 шетелдік студент "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін ағылшын тілінде алды. Олардың екеуі үздік дипломмен марапатталды.

2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "жалпы медицина" мамандығының 5 курс студенті Омар Ғани Басқарма төрағасы-ректор к.т. Надыровтың "Ғылымға қосқан белсенді үлесі"үшін алғыс хатымен марапатталды.

3. "Стоматология" мамандығының 3 курс студенті Al-Maghary Doniia Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, 1-ші орын алды. Ол сондай-ақ университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі болып табылады.

Байланыс

Нұр-Сұлтан қаласы,

Бейбітшілік к. 49а, 202-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 53-95-38.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика