Стратегиялық даму орталығы

Стратегиялық даму орталығы

Басшылық
Уримов Руслан Мухтарович
Орталық басшысы

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Стратегиялық даму орталығы Университеттің Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 24 шілдедегі №9 шешімімен бекітілген ұйымдық құрылымға сәйкес 2019 жылғы шілдеде құрылды.

Университеттің 2022-2026 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясының қабылдануына, сондай-ақ функционалдығының кеңеюіне байланысты орталық университеттің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2022 жылғы 30 мамырдағы № 17 ұйымдық құрылымға сәйкес стратегиялық дамыту және жобалық басқару орталығы болып реформаланды.

Негізгі міндеттер

·        Даму стратегиясын, сондай-ақ Университет қызметінің негізгі салаларының дамуы мен жұмыс істеуін айқындайтын басқа да стратегиялық құжаттарды дайындау, әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

·        Даму стратегиясының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді мониторингілеу және талдау;

·        Даму стратегиясын және қызметтің негізгі көрсеткіштерін іске асыруды ақпараттық және талдамалық сүйемелдеу;

·        Университеттің стратегиялық даму жүйесін жетілдіру;

·        Университеттің операциялық жоспарлауын әзірлеуде, бекітуде және енгізуде әдіснамалық сүйемелдеу;

·        Операциялық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді мониторингілеу және талдау;


Қызмет

·      Университеттің даму стратегиясын айқындау және әзірлеу және оның орындалуы бойынша есепті дайындау, сондай-ақ оны түзету жөніндегі жұмысты жүргізу;

·      Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және алқалы органдарымен стратегиялық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

·      Университеттің Даму стратегиясының жобасын (өзгерістер мен толықтыруларды) Университет Басқармасының, Университеттің Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және тәуекелдерді басқару комитетінің қарауына ұсыну, оны кейіннен Университеттің Директорлар кеңесі бекітеді;

·      Университетте және Орталық қызметінің жекелеген түрлері бойынша негізгі стратегиялық мақсаттардың іске асырылуын талдау;

·      Университеттік индикаторларын және даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шараларға қол жеткізуге бағытталған қызметті жоспарлау;

·      Университет Басқармасы Мүшелерінің қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталарын (бұдан әрі - ҚТК карталарын) және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (бұдан әрі – KPI) әзірлеуге және бекітуге дайындауға қатысу;

·      Университеттің басқарма мүшелері мен Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің KPI және ҚТК карталарының нысаналы мәндерінің орындалуы туралы есепті дайындауды жүзеге асыру;

·      Университеттің Операциялық жоспарын әзірлеу, бекітуге дайындау және іске асыру мониторингі;

·      өз құзыреті шегінде Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне салыстырмалы талдау жүргізу.

Байланыс деректері

Астана қаласы, 47 Abaya str., 7th floor, offices 701, 702

Жұмыс тел.: 8 (7172) 53-95-27, ішкі ном.: 233

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика