Маркетинг және инвестициялық жобалар басқармасы

Маркетинг және инвестициялық жобалар басқармасы

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікті дамыту орталығы
2018 жылдың 1 наурызында университет провосты Филиппо Барточчонидің бастамасымен құрылған.
Университет Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 17 шешімімен бекітілген құрылымына сәйкес Кәсіпкерлік және инвестициялық қызметті дамыту орталығы Маркетинг және инвестициялық жобалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) болып қайта құрылды.
 
Мақсаттары

Басқарманың негізгі міндеттері Университет жарғысында, даму стратегиясында және бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін Университеттің неғұрлым тиімді және кешенді инвестициялық саясатын жүзеге асыру, сонымен қатар капиталдандыруды ұлғайту, активтерді ұлғайту және Университет пен Жалғыз акционердің әл-ауқатын арттыру болып табылады.
 
Қызметі

- маркетингтік және инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың ең тиімді жолдарын ұсыну;
- Университетте мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту;
- тиімді маркетингтік және инвестициялық қызмет арқылы Университет дамуының жоғары экономикалық қарқынына қол жеткізу;
- Университет беделінің деңгейін көтеруге, әлеуметтік мәселелерді шешуге және қажетті әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге бағытталған маркетингтік және инвестициялық қызметтен түсетін кірісті немесе басқа да қаржылық пайданы барынша арттыруды қамтамасыз ету.
 
Байланыс

г. Астана, Бейбітшілік көшесі, 51, 2 қабат, 213-каб.
тел.: 8 (7172) 577 896, ішкі тел. 530
   
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика