Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

Басшылық
Ешанов Айдын Айтбаевич
Басқарма басшысы

Кадрлық құрам

 Құрылу тарихы

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» РМҚК ректорының 2007 жылғы 5 сәуірдегі №76-ө бұйрығының негізінде құрылды. Бөлім басшысы болып м.ғ.д., профессор Даленов Ерболат Дербісәліұлы тағайындалды.
Бөлім 2009 жылдың ақпан айында «Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімі» деп аталып қайта құрылды. Бөлім бастығы болып профессор Мұхамбедия Ахметов тағайындалды. 2019 жылдың наурыз айынан бастап бөлім бастығы болып Орынбасарова Бақтынұр Әділқызы тағайындалды.
2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап Университеттің жаңа ұйымдық құрылымына сәйкес Мемлекеттік тілді дамыту тобы Студенттермен жұмыс жөніндегі департаменттің Білім беру технологияларын трансферттеу орталығының құрамына кірді. Университеттің ұйымдық құрылымының өзгеруіне байланысты 2021 жылғы қаңтар айынан бастап Мемлекеттік тілді дамыту тобы Ішкі әкімшілік департаментінің Құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің құрамына кірді.  

 Мақсаттар

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тілдің университетте кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету және Заң талаптарының орындалуын бақылау.
Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік материалдардың сапасын қамтамасыз ету.
Университет қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру.
Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты мәселелері бойынша үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс істеу.



 Қызмет

- Университетте мемлекеттік тілде іс жүргізуді үйлестіру, бөлімше қызметкерлеріне қазақ тілінде іс жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
- Шығыс хаттарды, шарттарды, жарғыны, стандарттарды, ережелерді, келісімдерді, лауазымдық нұсқаулықтарды, техникалық ерекшеліктерді және т.б. құжаттардың қазақ тіліндегі нұсқасын тексеру, түзету және/немесе аудару.
- Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған мәтіндердің түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігіне сараптау.
- Университет сайтына жарияланатын ақпараттық материалдардың аудармасының сапасын қамтамасыз ету. 
- Қазақ тіліндегі оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды тексеру, түзету және оларға тілдік тұрғыдан рецензия беру.
- Мемлекеттік тілді дамыту бойынша университетте семинарлар мен іс-шаралар ұйымдастыру.
- Қазақ тілін меңгеру қажеттілігін анықтау. Тыңдаушылар контингентін жинау. Деңгей бойынша топтарға бөлу. Оқу орталықтарымен байланыс орнату. Оқу процесін ұйымдастыру.
- Университет қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейін бағалау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуді өткізу рәсімін ұйымдастыру.
- Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелерді сөздіктермен, электрондық сөздіктермен және басқа да оқу материалдарымен қамтамасыз ету.



 Жетістіктер

Бөлім қызметкерлерінің әдістемелік көмегі нәтижесінде құрылымдық бөлімшелер ісқағаздарды мемлекеттік тілде сапалы даярлайды. 2014 жылы Университет қалалық «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауына қатысып, І орынды иеленді, дипломмен марапатталды.
Соңғы 5 жылда бөлім қызметкерлерінің әдістемелік көмегімен университеттің оқытушы-профессорларының жүзге жуық оқу-әдістемелік құралдары жарыққа шықты.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитететінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2015 жылдың желтоқсан айында «Анықтамалық сөздік (латынша-орысша-қазақша)» баспадан шықты. Авторлары: М.З. Шайдаров, М.Ахметов. Сөздікті компьютерде теріп беттеген топтың жетекші маманы А.М.Шаймұратова. 2017 жылы М.З.Шайдаров пен М.Ахметовтің «Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі» баспадан шықты. Редакторлары – бөлім қызметкерлері Г.Абдешева, М.Тлешева. 2019 жылы М.Ахметовтің, М.Шайдаровтың «Ағылшынша-қазақша медициналық терминдер сөздігі» баспадан шықты. Редакторлары - А.Балтаева және топ қызметкерлері Н.Шамгунова, А. Шаймұратова.
2019 жылғы 12 сәуірде Алматы қаласында өткен ҚР ДСМ жанындағы Денсаулық сақтау саласындағы медициналық терминологиялық комиссияның «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық терминологиялық конференцияға бөлім қызметкерлері А.Алиманова мен А.Жүсіп қатысты. Конференция материалдарының жинағында А.Алиманова мен А.Жүсіптің «Медициналық терминдерді латын әліпбиімен жазу мәселелері (шеттілдік сөздер негізінде)» атты мақаласы жарияланды.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ «Руханият» КММ-мен бірлесіп қазақ тілін үйренгісі келетін қызметкерлерге тегін оқыту курстары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 38 бұйрығының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік тілді дамыту тобы ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп 2019 жылғы 1 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында  «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбында республикалық терминологиялық конференцияны ұйымдастырды. Конференцияның материалдар жинағына топ қызметкерлерінің мақалалары жарияланды: Б.А.Орынбасарова, А.М. Шаймұратова «Жаңа термин жасаудағы терминбөлшектердің маңызы».



 Байланыс деректері

Астана қ., Абай к-сі, 47, 412-кабинет.

тел: 8 (7172) 577896 (ішкі.360/361/439/315) 



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика