"Неврологиялық аурулардың, оның ішінде орфандық аурулардың менеджменті" атты жыл сайынғы республикалық конференция басталды

"Неврологиялық аурулардың, оның ішінде орфандық аурулардың менеджменті" атты жыл сайынғы республикалық конференция басталды


Бүгін, 29 қыркүйекте «Неврологиялық ауруларды, оның ішінде орфандық ауруларды басқару» атты халықаралық конференция басталды.

Шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Астана медицина университеті ұйымдастырды. Конференцияға, сондай-ақ, «Балалар невропатологтары, нейрофизиологтары, психиатрлар және психотерапевтер қоғамы» қоғамдық ұйымы, Қазақстан балалар невропатологтары қауымдастығы, Еуропалық балалар невропатологтары қауымдастығы қолдау көрсетті.

Аталған шараға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов, Астана медицина университетінің проректоры Виталий Койков және қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты.

Конференция бағдарламасы ересектер мен балалардағы ең өзекті неврологиялық нозологияларға арналған симпозиумдар сериясын қамтиды.

Мамандар клиникалық жағдайларды көрсете отырып, әлеуметтік маңызы бар және орфандық неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді талқыламақ.

Конференцияға қатысушы ғалымдар эпилепсиялық энцефалопатиялар және даму энцефалопатиялары, паркинсонизм, Альцгеймер және Хантингтон аурулары, шашыраңқы склероз, мигрень, тұқым қуалайтын атаксиялар, БАС, бұлшықет дистрофиялары, жұлын-бұлшықет атрофиясы және т.б. мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.

Сирек кездесетін (орфандық) ауруларды талқылауға жеке симпозиум арналды.

Бұл шара Қазақстандағы неврологиялық науқастарға көмек көрсетуді жақсартуға септігін тигізеді және одан әрі жемісті жұмыс пен ынтымақтастық үшін ынталандыру болып табылады.



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика