«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық форум

«Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық форум

       2022 жылдың 30 қыркүйек пен 01 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университетінің нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасы мен Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығымен бірлесе, «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық форумы ұйымдастырылды.

Ұзақ жылдар бойы дәстүрге айналған бұл іс-шара пульмонология және респираторлық медицина саласында аса маңызды болып табылады. Бұл форум жылдан жылға бронх-өкпе жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу жайында ақпарат, тәжірибе мен жетістіктермен алмасу сияқты мақсаттары ортақ әртүрлі саладағы жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды біріктіреді.

Форумға офлайн режимінде әртүрлі мамандықтағы 400-ге жуық дәрігерлер, соның ішінде пульмонологтар, сомнологтар, терапевттер, педиатрлар, жалпы медицина дәрігерлері, отоларингологтар, фтизиатрлар, торакальды хирургтар, кардиологтар, реаниматологтар, аллергологтар, фармакологтар, реабилитологтар, денсаулық сақтау мамандары қатысты. Қазақстанның барлық аймақтарынан 4200-ден астам дәрігер онлайн режимінде қосылды.

Форумға қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты. 14 симпозиум, 6 мастер-класс және жас ғалымдар конкурсы өткізілді. Дәрігерлер ең өзекті тыныс алу салаларындағы теориялық және практикалық мәселелерін талдай алатын оқыту мектептері (WorkShop) үлкен сұранысқа ие болды. Форумға қатысқан барлық қатысушылар электронды сертификат ала алады, WorkShop-тың оффлайн қатысушылары қосымша сертификаттарға ие болады.

Қазақстан Республикасының пульмонология, торакальді хирургия, фтизиатрия және жұқпалы аурулар қызметі және тыныс алу ауруларының өзара әрекеттестігі талданды. «Қазақстан Республикасында пульмонологиялық қызметті жетілдірудің 2022-2024 жылдарға арналған жол картасына» кезеңдері, нәтижелері және алда енгізілетін іс-шаралар талқыланды. Қазақстан Республикасының халқына мамандандырылған респираторлық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстары бар қаулы талқыланып, қол қойылды.

Бұл форумның өткізілуі отандық пульмонология және медицинаның іргелес салаларындағы маңызды іс-шара болып табылады, медицина қызметкерлерін, әсіресе жас мамандарды тәрбиелеуге зор үлес қосады, Қазақстан Республикасындағы бронх-өкпе ауруларына шалдыққан науқастарға көмек көрсетуін жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ ғылыми және практикалық ынтымақтастықты ынталандыруды қамтамасыз етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика