Астана медицина университетінде тексеру қорытындысы жарияланды

Астана медицина университетінде тексеру қорытындысы жарияланды

     Астана медицина университетінде әлеуметтік желіде тараған анонимді шағымға қатысты тексеріс аяқталды.    

  Комиссия қоғам өкілдерінен, жұмыс берушілер, ата-аналар, студенттер мен комплаенс-офицерден құралды.

  Комиссия теориялық кафедралардың да, клиникалық кафедралардың да қызметімен танысты. Оқу бағдарламаларын мұқият тексеріп, студенттермен кездесіп, анонимді өтініште айтылған барлық фактілерді зерттеген соң, тексерушілер фактілердің тек бір бөлігін ғана расттады.

   Нәтижесінде, Сарыарқа даңғылы, 33 мекен-жайында орналасқан оқу корпусының жағдайы расталды. Университетке жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайтын 5 оқу ғимараты тиесілі. Ғимараттар негізінен 20 ғасырдың 70-жылдарында салынған. Мұнда жарты ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу болмаған.

    Дәл осы оқу ғимаратына ғимараттарға сараптама жүргізу кезінде баса назар аударылды. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, ЖСҚ сараптамасы жүргізілді. Күрделі жөндеу жүргізуге 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Заманауи стильде ғимараттың қасбеті мен үй-жайлардың ішкі безендірілуі жаңартылады, шатыр мен лифтілер ауыстырылады, Осы оқу ғимаратының барлық инженерлік желілерін жөндеу жоспарланған.

    Тексеру кезінде комиссия қабылданған шараларды атап өтті. 2022 жылы 11,5 мың шаршы метр жөнделді. Оқу ғимараттарында қабырғаларды, төбелерді және беткейлерді ағымдағы жөндеу және сырлау жүргізілді. Сондай-ақ, барлық апаттық кәріз құбырлары толығымен ауыстырылды, жылу, су, электрмен жабдықтау жүйесінің іші жойылды. Гранитті (фарфордан жасалған) плиткалар қалпына келтірілуде.

     Мысалы, оқу орнына іргелес аумақты абаттандыру мақсатында 700 шаршы метр кеспекше, жиектас пен төсеніштер ауыстырылды. 200 түрлі ағаштар көшеті отырғызылды, жазда гүлзарлар мен гүл клумболары жаңартылды.

    «Ректор ұйымдастырған тексеріспен университет кафедраларының басым бөлігі қамтылды, дейді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова. Біз сөз болып отырған барлық аудиторияларды, тіпті шағымда айтылмаған дәріс залдарын да тексере алдық. Мен қандай қорытынды жасадым? Иә, университетте проблемалар бар. Жылдар бойы шешілмеген мәселелер жаңа басшылық «мұраға қалды». Бірақ, ең бастысы, мен өзім үшін университет басшылығының оларды шешудің нақты болжамы мен стратегиялық жоспары бар екенін атап өттім. Бүгінгі таңда студенттер заманауи медициналық тренажерларда өздерінің практикалық дағдыларын шыңдай алатын симуляциялық орталықты жаңғырту басталды. Осы университеттің түлегі ретінде мен студенттердің бұрын мұндай мүмкіндіктері болмағанын мойындаймын», деді Н. Петухова.

Биылғы жылы симуляциялық орталықты жаңғыртуға 625 млн. теңге бөлінді, келесі жылы қосымша 800 млн. теңгеге жабдық сатып алынады.  

  Комиссия мүшелеріне анатомия кафедрасында 3 D кескінге арналған анатомиялық үстел көрсетілді, ол жөндеуге келмейді. "Пирогов" жаңа анатомиялық үстелін сатып алуға қаржы бөлінді, техникалық ерекшелік әзірленді, сатып алу рәсімі ағымдағы жылы өтеді.

        Биыл 500 млн. теңгеден астам компьютерлік және ұйымдастыру техникасын сатып алу жоспарланған, оқу әдебиеттерін сатып алуға 240 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

      Университетте дәріс оқығаны үшін қосымша ақы төлеу фактісі расталмады. "Патофизиология" және "Фармакология" пәндерінен сабаққа дәлелсіз, себепсіз қатыспаған немесе емтиханда өту балын жинамаған студенттер ғана ақылы түрде сабақты қайта өтетіні анықталды. Бұл тәртіп университеттің "Академиялық саясатында" жазылған.

     Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасында сабақ болмайтыны туралы шағым расталмады. Сабақтың Zoom платформасын пайдалана отырып, ауызша және жазбаша түрде онлайн өткізілгенін студенттер растады, сабаққа арналған барлық материалдар Moodle қашықтықтан оқыту платформасында орналастырылды. Айтылған жайттарға видеобейнелік дәлелдер бар.

Қалыпты физиология кафедрасында сабақтардың болмауына қатысты дәлелдер расталмады. Білім алушылар кафедрадағы сабақтар кесте бойынша толық көлемде өткізілгенін растады.

   Әрбір ЖОО оқу бағдарламаларының мазмұнын дербес әзірлейтінін ескере отырып, Комиссия оқу бағдарламасында "Химия" пәнінің болмауы мәселесі бойынша университеттің түсіндірмелерін тыңдады. Оқу бағдарламасында биологиялық химия, молекулалық биология сияқты пәндер бар екені анықталды. Химия түлектің, жалпы практика дәрігерінің құзыретіне қатысты зерттеледі. Жеке пән ретінде ол "Фармация"білім беру бағдарламасы аясында бар.

    Комиссия сондай-ақ қазақстандық және шетелдік студенттерге қатысты бірыңғай білім беру саясаты қолданылатынына көз жеткізді. Ағылшын тілді топтарда шетелдік студенттердің сабақтарын ағылшын тілін білетін оқытушылар жүргізеді, қалған студенттерді де солар оқытады.

    Комиссия мүшесі Астанадағы №7 Қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі Г. Нұрғалиевтің айтуынша, бір жыл ішінде университет инфрақұрылымын түгелдеу жаңалау мүмкін емес. "Университет басшылығының комиссияның жұмысын жариялауы, проблемалар мен оларды шешу туралы ашық айтқаны құрметке лайық. Бізге жоғары деңгейлі мамандар қажет, сондықтан студенттердің оқу жағдайлары лайықты болуы біз үшін маңызды".

    Университетте ректор Камалжан Надыров комиссияның атқарған жұмысына алғыс білдірді. "Комиссия бір апта бойы қарқынды жұмыс істеді. Білім беру бағдарламаларын оқып, материалдық-техникалық базамен танысты. Уәде еткенімдей, комиссия құрамына тек университет қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар қоғам қайраткерлерін, ата-аналар өкілдерін және студенттерді де ұсындық. Бізде жасыратын ештеңе жоқ, бар проблемалар туралы ашық айтамыз, өйткені біз олар туралы білеміз және нақты шешім қабылдаймыз. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап біз жүйелік мәселелерге, ішкі және сыртқы тәуекелдерге егжей-тегжейлі талдау жасадық. Оқу корпустарын ретке келтіру және ЖОО-ны жарақтандыру басым міндеттерге айналды, қаражат бөлінді, мерзімдер белгіленді. Әрине, белгілі бір проблемалар бар, біз оларды мойындаймыз және жақсартулармен жұмыс жасаймыз. Біз университетті дамытудың жаңа стратегиясын әзірледік және қабылдадық. ЖОО-да жұмыс істеген жылдар ішінде жоғары кәсіби ұжым құрылды, олардың көпшілігінің ғылыми дәрежелері мен атақтары бар. Біз өзіміз үшін оқу процесін ұйымдастыруда, студенттермен жұмыс жасауда басты бағдарларды шығардық. Олардың негізінде ашықтық, Академиялық адалдық, құзыреттілік, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік және оқу үшін қолайлы жағдайлар жасау жатыр. Барлық бизнес-процестерді цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде". Ректор сонымен қатар студенттердің хабарламаларын WhatsApp +77079001291 нөмірі арқылы жеке қабылдайтынын атап өтті.

    Жыл басынан бері ректордың блогына және оның WhatsApp-тағы номеріне 150-ден астам өтініш түскен. Жастар ісі және спорт орталығы 166 өтінішке жауап берген, университеттің Call-орталығы күн сайын 300-ге жуық қоңырау қабылдайды, ал жазда, оқуға түсу кезінде бір күнде 1000-нан аса қоңырау түседі.

    Аудиторияларда QR кодтар ілінген, олар арқылы әр оқытушыдан алынған білім сапасын бағалауға болады.

   Комиссияда болған ата-ана Б. Аяпбергенова да өз пікірімен бөлісті. Ол баласының білім деңгейіне риза екенін айтты. "Ұлым материалдың үлкен көлемін зерттеуге мәжбүр, бірақ біз қайда оқуға түскенімізді білдік, - дейді ата-ана, медициналық университетті басқа оқу орындарымен салыстыруға болмайды, өйткені адам өмірі студенттердің білім деңгейіне байланысты болады. Әрине, оқу деңгейіне пандемия әсер етті, біздің балаларымыз онлайн режимінде пәндерді оқуға мәжбүр болды және бұл материалды оқу сапасына әсер етуі мүмкін", - деді.

    Университет жанынан тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды, ол жоғары оқу орнының академиялық қызметін күшейтуге және материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған комиссияның барлық ұсынымдарын пысықтайтын болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика