Біздің студенттер "Болашақ фармацевт-2022" халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

Біздің студенттер "Болашақ фармацевт-2022" халықаралық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

      Фармация мектебі 25-26 қарашада Ташкент фармацевтикалық институтының (ТашФармИ) 85 жылдығына арналған "Фармацевтика саласының қазіргі жағдайы: мәселелері мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Университет атынан фармация мектебінің деканы, профессор Шукирбекова А. Б. институтты мерейтойымен шын жүректен құттықтап, "Университетте фармация мектебінің студенттерін тәжірибелік-бағдарланған оқыту" тақырыбында баяндама жасап, токсикологиялық химия бойынша мастер-класс өткізді. Пленарлық және секциялық отырыстарда Өзбекстанның, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің фармацевтика саласының ғалымдары мен жетекші мамандары сөз сөйледі.

Конференция аясында біздің университеттің фармация мектебінің студенттері "Болашақ фармацевт-2022" Халықаралық олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ұйымдастырушылар атынан Шукирбекова А.Б. салтанатты жағдайда жүлдегер-студенттерге дипломдар табыс етті:

1. Бесембаева Дана Манарбекқызына, 5 курс – "Токсикологиялық химия" пәні бойынша 2 дәрежелі диплом

2. Сыздыкова Алима Бектасовнаға, 5 курс – "Токсикологиялық химия" пәні бойынша 3 дәрежелі диплом

3. Куанышов Дулат Нармановичке, 4 курс – "Фармацевтикалық химия" пәні бойынша 3 дәрежелі диплом.

Конференцияның барлық қатысушылары іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, іске кәсіби көзқарасты, өте толымды және қызықты бағдарламаны атап өтті. "АстМУ" КеАҚ ТашФармИ-ді мерейтойымен тағы да құттықтайды және институт ұжымына өркендеу, үлкен жетістіктер, батыл жобалар мен жаңа ашылымдар тілейді!

Студенттерімізді және олардың ғылыми жетекшілерін Искакова Р. М. мен Килибасова С. М. жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика