ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕРПЕСВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР АПТАЛЫҒЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕРПЕСВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР АПТАЛЫҒЫ

Халықаралық герпес апталығы жыл сайын 16-23 қараша аралығында әлемнің көптеген елдерінде өткізіледі. Бұл шара қоғамның назарын герпестік инфекцияға аударуға және халықтың герпесвирустар туралы ақпараттануын күшейтуге арналған.

«Астана медицина университеті» КЕАҚ-да герпесвирустық инфекциялар апталығының бастамашысы Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы болды.

Ағымдағы жылы кафедрада бірқатар іс-шаралар өткізіліп, герпестің жынысқа, ұлтқа, әлеуметтік және қаржылық жағдайға қарамастан кез келген адамда дамитын кең таралған ауру екенін түсіндірілді. Герпесвирустық инфекциялардың репродукция ерекшеліктеріне, антигендік құрылымына, зертханалық диагностикасына ерекше назар аударылды, өйткені кафедра студенттерінің негізгі контингенті бұл мәселені медициналық вирусология тұрғысынан қарастырады.

Осының негізінде кафедрада «Тірек сигналдары мен белгілері» және «Mind map – интеллект-карталар» әдістерін қолдану арқылы постер байқауы ұйымдастырылды.

Студенттердің жұмысын бағалау кезінде орындарды номинациялар түрінде беру туралы шешім қабылданды. Сонымен, келесі топтар мен қатысушыларға мына номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді:

 

«Тірек сигналдары мен белгілері» бағыты бойынша:

«Ерекше» номинациясы бойынша диплом – 209 топ

«Айшықты» номинациясы бойынша диплом – 204 топ

«Ізденімпаз» номинациясы бойынша диплом – 214 топ

«Бірегей» номинациясы бойынша диплом – 216 топ

«Ұқыпты» номинациясы бойынша диплом – 248 топ

«Талантты» номинациясы бойынша диплом – 223 топ студенті Сейітбаева Аяжан

«Тапқыр» номинациясы бойынша диплом – 223 топ студенті Қуандық Мерей

 

«Mind map» бағыты бойынша:

«Креативті» номинациясы бойынша диплом – 206 топ

«Таңдаулы» номинациясы бойынша диплом – 212 топ

«Талғампаз» номинациясы бойынша диплом – 224 топ

«Талантты» номинациясы бойынша диплом – 232 топ

«Антистандартты» номинациясы бойынша диплом – 240 топ

«Шығармашыл» номинациясы бойынша диплом – 259 топ

 

Марапаттау 2022 жылдың 1 желтоқсанында АИТВ-инфекциясына арналған конференция аясында өтті. Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор – Досмағамбетов М.Ө. құттықтау сөз сөйледі, ал жүлдегерлерге дипломдарды м.ғ.к., кафедра профессоры – Асемова Г.Д. табыс етті.

Герпес адамның өміріне кейде – аздап, кейде – күрт өзгерістер алып келеді. Қазіргі уақытта диагностика мүмкіндіктері кеңейіп келеді, бұл ауруды емдеудің тиімді әдістері зерттелуде. Қазіргі уақытта практикалық денсаулық сақтауда цитомегаловирусты инфекцияға, Эпштейн-Барр вирусына, Варицелла-Зостер вирусына және герпесвирустардың басқа түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы барлық қатысушыларға ерекше алғысын білдіреді және студенттерді осындай іс-шараларға әрқашан белсенді қатысуға шақырады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика