Асық атудан Азия чемпионаты өтті

Асық атудан Азия чемпионаты өтті

Астанада алғаш рет Қазақстан, Пәкістан, Моңғолия, Үндістан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен асық атудан Азия чемпионаты өтті. Қатысушылар тамаша ойын көрсетіп, ерлер асық атумен, қыздар бес асықтан өнер көрсетті.

Аталған халықаралық шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, “Асық ату” федерациясы ұйымдастырды.

Бұл чемпионатқа университетіміздің студенттері, Пәкістан және Үндістан елдерінің өкілдері де қатысты.   

Үндістаннан:

Anshuman Dewangan (Group: 369)

Аguib Javaid Bhat (Group: 359)

Khan Arif Raza (Group: 373)

Shashwat Awasthie (Group: 369)

Alisha Group (272)

Mishi Pallav Group (481)

Anubhuti Singh Group (481)

Anzeela Tariq Group (271)

 

Пәкістаннан:

Ibrar Zahid (264 GM)

Аsad Latif (264 GM)

Majeed Ullah (264 GM)

Adnan Khan (264 GM)

Азия біріншілігінің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі С.Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Ерғалиев, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті И.Салжанов қатысып, спортшыларды марапаттады.

Сондай-ақ, «Асық ату» федерациясының президенті атынан Астана медицина университетіне Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етілді.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика