4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер. Кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту, құрметтеу. Жас ұрпақты елжандылыққа, елін, жерін сүйюге тәрбиелеуде мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.

«Астана медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында
әскери кафедраның жеке құрамы мен әскери кафедрада білім алып жатқан студенттердің ұйымдастырумен 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті.

Салтанатты түрде Ту мен Елтаңбаны ортаға алып шығып, Әнұран орындалды. Студенттер Ту, Елтаңба, Әнұранның шығу тарихы туралы қысқаша баяндама жасады.

Іс-шара соңында спорт және жастар ісі жөніндегі орталықтың дәстүрлі әндер бойынша жетекшісі Думан Омарғазының орындауында «Көк тудың желбірегені», «Қазақ елі» әндері орындалды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика