«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын әзірлеу жұмысы басталды

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасын әзірлеу жұмысы басталды

«Астана медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 24 мамырдағы № 86 бұйрығы негізінде "Медициналық-профилактикалық іс" үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламасын (МПІ ҮИМБ ББ) әзірлеу бойынша белсенді жұмысты бастады. Медициналық-профилактикалық істің басты мақсаты ҚР халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, халық сырқаттанушылығының алдын алу, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл санитарлық дәрігерлерді даярлаудың қажеттілігін түсіндіреді.

ҚР ДСМ міндетін атқарушысының бұйрығын орындау үшін Астана медицина университеті ЖПІ ҮИМБ ББ әзірлеу бойынша жұмыс тобын құрды, жол картасы бекітілді және жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді.   
                                                      
Жұмыс тобы медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарынан, PhD докторлардан, доценттерден тұрады. ЖПІ ҮИМБ ББ жұмыс тобының жетекшісі м.ғ.д., профессор, Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі А.А.Мусина. Білім беру бағдарламасының жобасы стейкхолдерлерге талқылауға, содан кейін Астана медицина университетінің Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсынылады.

Жол картасына сәйкес талапкерлерді алғашқы қабылдау ағымдағы жылдың жазына жоспарлануда. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» біліктілікке ие болады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика