Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы

Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы

Бүгін, 13 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

 

Отырыс шеңберінде 5 білім беру бағдарламасы - Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейіргер ғылымы, Биология, Фармация бойынша бірінші оқу жылының 30 PhD докторантының ғылыми консультанттары бекітілді. Сондай-ақ 6 білім беру бағдарламасы – Медицина, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейіргер ісі, Биология, Фармация, Денсаулық сақтау менеджменті бойынша 71 магистранттың магистрлік диссертацияларының тақырыптары және ғылыми жетекшілері бекітілді.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде университеттің 2022-2023 оқу жылындағы академиялық қызметі туралы есеп тыңдалды, оны академиялық жұмыс жөніндегі проректор Жунусова Айгүл Бітімбайқызы ұсынды.

Университеттің сөзсіз жетістіктері – кадрлар даярлаудың барлық деңгейлерінде білім алушылар контингентінің өсуі, оның ішінде ақылы негізде және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен білім алушылардың өсуі болып табылады. Қазіргі уақытта университетте әлемнің 20 елінен 1099 студент оқиды. «Атамекен» ҰКП өткізген 2022 жылғы білім беру бағдарламаларының рейтингінде университеттің негізгі білім беру бағдарламалары (Жалпы медицина, Стоматология, Қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары бойынша) бірінші орындарға ие болғаны Университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын дәлелдейді. 2023 жылғы QS Star рейтингілік жүйесінде университет 3 жұлдызды, оның ішінде оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша 4 жұлдызды алды.

          Жетістіктермен қатар, қазақстандық университеттердің көпшілігінің алдында тұрған және университетті одан әрі дамыту үшін бірінші кезекте шешуді талап ететін проблемалар мен сын-қатерлер де атап өтілді. Оларға: практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту қажеттілігі, білім алушылар контингентінің өсуі; ОПҚ потенциалын арттыру, оқу процесін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін нығайту және, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, ең алдымен, мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етуді жақсарту қажеттілігі жатады. Білім алушылар тарапынан кері байланысты ұдайы қадағалау, практикалық дағдыларды қалыптастыру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау және академиялық ұтқырлық бағдарламаларының тиімділігін қамтамасыз ету де маңызды аспект болып табылады. Барлық проблемалық мәселелерді шешу үшін кафедраларға, мектептерге, әкімшілік-басқару блогының бөлімшелеріне іс-шаралардың нақты тізімі ұсынылды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика