«Синтетикалық есірткі және лудомания – денсаулықты бұзатын зұлымдық” тақырыбында дәріс өткізілді

«Синтетикалық есірткі және лудомания – денсаулықты бұзатын зұлымдық” тақырыбында дәріс өткізілді

Астана Медицина Университеті студенттерінің құқық қорғау органдарының өкілдерімен және психология және наркология кафедрасымен кездесуі өтті, ол синтетикалық есірткі және лудомания тақырыбына арналды. Болашақ дәрігерлерге олардың салдары және адам ағзасы мен психикасына зиян келтіретін фактор туралы ақпарат берілді.

      Студенттер ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Әмірхановпен кездесті.

     Ол студенттерге есірткіні сақтау және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және алаяқтар уәде еткен жеңіл ақшаға ұмтылудың салдары туралы айтты. Полиция полковнигі жұмыс тәжірибесімен бөлісті, электр скутерлердің қатысуымен болған ЖКО саны артқаны туралы айтып, Көлік құралдарын пайдаланушылар жол қауіпсіздік ережелерін жиі білмейтінін атап өтті. Өздеріңіз білетіндей, кез-келген әрекеттің салдары бар, ал заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Медицина ғылымдарының кандидаты, психология және наркология кафедрасының доценті Алмас Құсайынов есірткі құралдарының зияны, алкогольді немесе есірткіні қолдану нәтижесінде суицидтердің көбеюі туралы айтып берді. Сондай-ақ Алмас Әбихасұлы есірткі заттарын қолданудың алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

      Кездесу Психология және наркология кафедрасының ассистенті Тоқтар Қойшыбековтің сөз сөйлеуімен аяқталды. Ол физикалық денсаулыққа ғана емес, психологиялық денсаулыққа да қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, адамдар өздерінің психологиялық денсаулығы туралы соңғы уақытта ғана ойлана бастағаны - психологтар мен психиатрлардан көмек сұраудың жиілеп бара жатқанын көрсеткіші болып табылады. Тоқтар Төлеуханұлы өз тәжірибесінен жағдайларды келтіріп, қауіпсіз уақыт өткізу тақырыбын қозғады, бейтаныс адамдардың қаскүнемдік жағдайлары туралы ескертті, студенттерді өздерін және жақындарын қорғауға шақырды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика