Астана медицина университетінің спортты серік еткен оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ қызметкерлері үстел теннисінен, дойбыдан және аралас жекпе-жектен өткен маңызды жарыстарда жүлдегер атанды.
Астана медицина университетінің спортты серік еткен оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ қызметкерлері үстел теннисінен, дойбыдан және аралас жекпе-жектен өткен маңызды жарыстарда жүлдегер атанды.
<p>
Мәселен, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы орталығы бастамасымен үстел теннисінен өткізілген дәстүрлі «Ректор Кубогі» турнирінде оқу орынның оқытушылары мен қызметкерлері бақ сынасты. Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы Шәкірт Қанжыл топ жарды. 2-ші орыннан Онкология кафедрасының оқытушысы Шалқар Азамат көрінді. Үздік үштікті Онкология кафедрасының меңгерушісі, университетіміздің бетке ұстар оқытушысы Абай Мақышев түйіндеді.
</p>
<p>
Қыздар арасында Профилактикалық медицина ҒЗИ-ның қызметкері Гүлнора Имаммалиева чемпион атанды. 2-ші орын аталған ҒЗИ-ның тағы бір өкілі Айбарша Есееваға бұйырса, 3-ші орынға HR басқармасының қызметкері Ләззат Тұрар қол жеткізді.