Толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады
https://amu.edu.kz/postupayushchim/abiturientam/admission-procedure/12168/
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);
5) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);
7) басым құқықты растайтын құжат:
-"Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар,
- патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар,
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар,
- тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
8) басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар:
- медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар,
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар,
- жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын,
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары,
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар,
- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар,
- бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
9) Конверт (қағаз түрдегі) А4;
10) Қағаз түріндегі папкасы.
Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 47.