Құрметті талапкерлер!
«Фармация» мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасына құжаттар қабылдау жалғасуда!
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 25 тамызға дейін.
Оқу мерзімі - 5 жыл
Оқыту нысаны: күндізгі
1-3 курс - «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Астана қ.
4-5 курс - Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент қаласы
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
1. Химия және биология пәндері бойынша ҰБТ тапсыру
2. Құжаттарды қабылдау комиссиясына беру
3. Университетке қабылдау
Құжаттар тізбесі:
1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/диплом) (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және 2 көшірме);
3) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
4) көлемі 3 х 4 сантиметр 6 фотосурет;
5) 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорография түсірілімі, 063-У нысанының көшірмесі (егу картасы көшірме);
7) ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі (бар болса).
Шетелдік азаматтар мен Өзбекстан Республикасының азаматтары үшін:
1. Сайтта әңгімелесуге тіркелу https://admission.amu.kz/speaker-details.php
2. Әңгімелесуден өту
3. Университетке қабылдау.
Құжаттар тізбесі:
1) паспорттың/жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорография түсірілімі;
3) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат/диплом) (түпнұсқа).
Бағдарлама тек ақылы негізде жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: +7(7172)539515, +7(7172)482054, +7(702)5680321, +77026263103.