Астана медицина университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті Төрағасының 2024 жылдың 5 тамызындағы №673 бұйрығына сәйкес «Астана медициналық журналы» халықаралық рецензияланған ғылыми-тәжірибелік журналының Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізілгенін хабарлайды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/activities/directions?lang=ru
«Астана медициналық журналы» 1998 жылы құрылған көпсалалы басылым болып табылады. Журналдың негізгі мақсаттары: ғылыми және инновациялық қызметтің белсенділігін арттыру; Қазақстан Республикасы мен шет елдердің медициналық ғылым мен білім беру саласындағы ғылыми зерттеулері мен инновациялық жетістіктері туралы ақпараттандыру; ғылыми мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау; ғылымға негізделген тәжірибені белсенді насихаттау арқылы ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының, практик дәрігерлердің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлердің ғылым мен практикадағы дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
«Астана медициналық журналының» редакциясына келіп түскен барлық мақалалар екі жақты «жасырын» рецензиялаудан («double-blind» Peer Review Policy) өтеді.
Журнал редакторлары ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялағысы келетін авторларды және рецензенттерді тұрақты ынтымақтастыққа шақырады.
Журнал туралы толық ақпаратпен https://medical-journal.kz/ сайтында таныса аласыздар.