«Өнегелі отбасы» патриоттық байқауы туралы хабарландыру

«Өнегелі отбасы» патриоттық байқауы туралы хабарландыру

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына сәйкес және тәуелсіздік идеяларын іске асыру шеңберінде «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «Өнегелі отбасы» патриоттық байқауын бастайды.

Конкурстың мақсаты:

- Қоғамда Үлгілі отбасының институтының жаңа имиджін ілгерілету.

- Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ұлықтау.

- Жаңа қазақстандық отбасының мәртебесін арттыру.

Конкурстың жүлде қоры:

- Бас жүлде - 1 миллион теңге.

- 1 орын - 700 мың теңге.

- 2 орын - 500 мың теңге.

- 3 орын - 300 мың теңге.

Материалдарды тапсыру мерзімі - 2024 жылғы 31 қазанға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін:

1. Көлемі 1,5 беттен аспайтын отбасы туралы мәтін дайындау.

2. Отбасылық фотосуреттерді жинау (электрондық түрде 6 данадан артық емес).

3. Отбасы туралы ұзақтығы 2-3 минут болатын бейне-жазба түсіру.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша төмендегі байланыс номерлеріне хабарласыныздар:

- Телефондары: +7 747 628 80 54, +7 702 986 64 05

- Электрондық пошта: ruhany.jangiru.17@bk.ru.

 

 

Құрметпен,

HR басқармасы

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика