2024 жылғы 8-10 қараша аралығында Астанада өткен самбодан Әлем чемпионаты жаһандық самбо тарихында маңызды оқиға болды, оған 80-нен астам елдің спортшылары қатысты. Алғаш рет турнирдің ресми бағдарламасына көру қабілеті шектеулі спортшылар арасындағы самбо жарыстары енгізіліп, атлеттер 64 кг, 79 кг және 98 кг салмақ дәрежелерінде бақ сынасты. Бұл жаңа тәртіп көру қабілеті шектеулі спортшыларға тең мүмкіндік беру және инклюзияны қолдау бағытындағы маңызды қадамды көрсетті.
SVI-1 санаты (толықтай соқыр спортшылар) қатысушыларының классификациясымен халықаралық сарапшылар тобы айналысты. Солардың ішінде Қазақстандағы жалғыз халықаралық сертификатталған классификатор, офтальмолог және көз аурулары кафедрасының ассистенті Роза Құрманғазықызы Адыракова да болды. Ол өткен жылы Мәскеуде арнайы тәжірибеден өтіп, өзінің білімі мен дағдыларын толықтырып, көру қабілеті шектеулі атлеттерді әділ бағалауға және оларға халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік ашуға ықпал етіп келеді.
Чемпионатқа General Medicine факультетінің 494-топ студенті Latif Asad (Пакистан) волонтер-медик ретінде үлес қосты. Оның міндеттері спортшыларға алғашқы көмек көрсетуді қамтыды, бұл турнир барысында қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, турнир барысында көру қабілеті шектеулі спортшылар арасындағы самбо дамуына арналған көрме өтті. Көрмеге көз аурулары кафедрасының резиденттері қатысып, көру қабілеті шектеулі спортшылардың өмір сүру және жаттығу жағдайларымен танысты. Бұл олардың қажеттіліктерін тереңірек түсіну үшін маңызды, болашақта осы санаттағы пациенттерге медициналық көмек пен қолдауды жақсартуға бағытталған.
Мұндай турнирлер бейімделген спорт түрлерінің заманауи қоғамдағы маңыздылығын көрсетеді, инклюзияны ілгерілетіп, барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Дереккөздердің тізімі:
2. Қазақстан самбо федерациясы
3. Sputnik Қазақстан