Оңалту және спорттық медицина кафедрасы онлайн-семинарды ұйымдастырып өткізуде

Оңалту және спорттық медицина кафедрасы онлайн-семинарды ұйымдастырып өткізуде

Оңалту және спорттық медицина кафедрасы онлайн-семинарды ұйымдастырып өткізуде

Оңалту және спорттық медицина кафедрасы 2021 жылдың 16 ақпанынан бастап «Физикалық медицина және оңалту» мамандығы бойынша резиденттер мен кафедра оқытушылары үшін «Мультидисциплинарлы бригада құрамындағы эрготерапевт» тақырыбында онлайн-семинарды ұйымдастырып, өткізуде. Эрготерапия (έργον - еңбек, кәсіп, θεραπεία - емдеу, сауықтыру) - аурудың немесе жарақат алудың салдарынан қозғалу, қимылды үйлестіру қабілеттерін жоғалтқан адамдардың белсенділігін бағалауға, дамытуға және қалпына келтіруге мамандандырылған клиникалық медицинаның бөлімі.

Семинарды біздің шақырылған қонағымыз, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің (ММПУ және ММППУ) психологиялық-педагогикалық пәндер кафедрасының доценті және Мәскеудегі Реанимация және реабилитология Федералды ғылыми орталығының сөйлеуді, фонацияны және жұтынуды қалпына келтіру зертханасының меңгерушісі Шевцова Елена Евгеньевна жүргізеді. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылады: эрготерапияның теориялық және әдіснамалық негіздері, эрготерапия процесін қажетті көлемде жүргізу үшін қажетті практикалық машықтар.

Семинар барысында алынған жаңа білімдер мен машықтар дәрігерлер мен резиденттер үшін олардың практикалық қызметінде тиісті көмек көрсетеді деп сенеміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика