Мерейтой құтты болсын!

Мерейтой құтты болсын!

Университет әкімшілігі мен Бастауыш кәсіподақ ұйымы анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Айдос Қабиболатұлы Қоңқаев пен құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Өмірзақ Серімұлы Серімовты мерейтойларымен құттықтады. Мерейтой иелеріне денсаулық пен амандықтың жылы лебіздері жазылған құттықтаулар табысталды.

Туған күн иелерінің екеуі де өз саласының тамаша мамандары, бірі медицина саласында болса, екіншісі заң саласында. Олар әріптестері арасында лайқты құрметке ие, еліміздің дамуына зор үлес қосып, мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Мерейтой иелеріне ұзақ ғұмыр, ашық аспан, жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика