Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер мен тәжірибе: мейіргер ісінің келешегіне инвестициялар

Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер мен тәжірибе: мейіргер ісінің келешегіне инвестициялар

Биылғы 19-20 мамырда Астана медицина университетінің алаңында "Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер мен тәжірибе: мейіргер ісінің келешегіне инвестициялар" атты халықаралық конференция өтуде.

Конференция барысында әлемдегі мейіргерлер ісінің жай-күйі, мейіргер тәжірибесін кеңейту және мейіргер ісіндегі зерттеулер туралы мәселелер, сондай-ақ білім берудің және мейіргер күтімінің сапасын қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары талқыланады.

Жыл сайын еліміздегі медициналық оқу орындарында 23 000 орта медицина қызметкері, оның 6000-ға жуығы мейіргер, 3000 практик әзірлеп шығарылады.

Іс-шара "Қазақстан-AccelEd" жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру" жобасы аясында өтуде.  Бұл жоба мейіргер ғылымы мен  зерттеулерді дамытуға, магистратура мен докторантура деңгейінде мейіргер білімін нығайтуға бағытталған.

Конференция жұмысына Acceled жобасының үйлестірушісі Юра`те Мациуске'не, Литва медицина ғылымдары университетін, JAMK қолданбалы ғылымдар университетін және Финляндиядан Або Академи университетін, Нидерландыдан Утрехт университеттік медициналық орталығын қоса алғанда, AccelEd жобасының барлық әріптестерінің өкілдері, қазақстандық әріптестер - Назарбаев университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті, Қарағанды медициналық университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Семей мен Ақтөбе қалаларының медицина университеттерінің өкілдері, жоғары медициналық колледждер мен қалалық емханалардың, өзге де медициналық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клуге мейіргер ісін дамытудың аса маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мейіргерлер қоғамға көмек пен сапалы күтім жасау арқылы денсаулық сақтауға айтарлықтай үлес қосады, әсіресе олардың халықтың қамқорлыққа зәру топтарымен (қарттар, балалар, жүкті әйелдер) жұмыс жасаудағы үлесі және ковид 19-бен күресу кезеңіндегі сіңірген еңбектері мен көмектері зор.

Екі күндік іс-шара практикалық ұсынымдар әзірлеумен және қарар қабылдаумен аяқталатын болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика