Астана медицина университетінде магистранттар, докторанттар және ЖОО оқытушылары үшін «Медициналық статистика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті

Астана медицина университетінде магистранттар, докторанттар және ЖОО оқытушылары үшін «Медициналық статистика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті

Курсты Қазан мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық сақтау, экономика және денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының доценті Дамир Марапов жүргізді.

Тренинг барысында дәріскер келесі тақырыптарды қарастырды:
 • Графикалық бейнелер арқылы мәліметтерді көрсету;
 • Статистикалық бағдарламаларда диаграммаларды құру және өңдеу;
 • Жұптастырылған және көп сызықтық регрессия әдістерін қолдана отырып болжамды модельдерді құру;
 • Шашырау диаграммасы. Өмір сүруді талдау: деректерді тұрақты және кездейсоқ цензура, өмір сүру кестелерін талдау.
 • Каплан-Майер қисықтары.

Курстың қатысушылары, саны 80-нен астам, jamovi, StatTech, RevMan сияқты бағдарламаларды пайдалана отырып, медициналық зерттеулер деректерін статистикалық өңдеу үшін ақпараттың пайдалылығы мен өзектілігін атап өтті.

Бұл шараны Халықаралық ынтымақтастық орталығы дәлелдемелі медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика