Enactus Astana Medical University жастар командасы

Enactus Astana Medical University жастар командасы

       Біздің Enactus Astana Medical University жастар командасы Студенттік кәсіпкерлік стартаптары мен инновациялық Enactus Kazakhstan Ұлттық EXPO 2022 ұлттық кубогында 2 орынды жеңіп алды.

Nutricup жобасы үшін «OlzhaAgro» компаниясынан 500 мың теңге жүлде алды. Жобаның мақсаты - өсімдіктерді зиянды бактериялар мен микроорганизмдерден қорғау, сонымен қатар өсімдікті пайдалы қасиеттермен байыту болды.

Enactus AMU командасы - әртүрлі іс-шаралардың жеңімпаздары. ENACTUS WORLD CUP 2021 әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақтстандық ЖОО-лар тарихында алғаш рет Қазақстанды ТОП-16-ға шығарды.

Enactus World Cup 2021 жылдың қазан айында өтті және оған әлемнің 30-дан астам мықты Enactus командалары қатысты.

Кубокты экс-капитан Нуриддин Смагуловқа Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.

Өткен жылдың қараша айында команда Алматы қаласында өткен “Fall Business Collaboration Days” 1-ші кезеңінен өтті.

Сондай-ақ жүлде қоры 1 000 000 теңге болатын BEELINE цифрлық жобалар байқауында AUXMED жобасымен бірінші орынға ие болды. Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайтын «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының ГРАНТТАРЫ байқауында 1 орын иегері атанды.

Сонымен қатар, команда «Мен жастарға сенемін» байқауына қатысты. «Мен жастарға сенемін!» студент жастардың IX Республикалық патриоттық форумы аясында өткізілетін «Елдің инновациялық дамуына менің нақты үлесім» атты жыл сайынғы студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы. Команданың вице-капитаны Алина Бегимова өтінім беріп, команда атынан «AUXMED» жобасын таныстырды. 1 орын дипломымен және бағалы сыйлық – суретпен марапатталды.

Осы жылдың наурыз айында. Enactus AMU командасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген Хакатонға қатысты.

2 жоба ұсынылды, оның біреуі финалға өтті.

Команда сонымен қатар үш әлемдік жарыстың GLOBAL RACES өтуіне қатысты:

1. RACE FOR CLIMATE ACTION

2. RACE TO RETHINK PLASTIC

3. RACE TO FEED THE PLANET

Олардың әрқайсысында Nutricup @nutricup_ жобасы үздік 48 команданың қатарына енді.

Ұжымға табыс тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика