Профессор Дүйсебай Жаңабаев "HIPPOCRATES" орденімен марапатталды

Профессор Дүйсебай Жаңабаев "HIPPOCRATES" орденімен марапатталды

            Біздің әріптесіміз - Астана медицина университеті Радиобиология және радиациялық қорғау институтының бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор және халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау институтының магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Ғылыми кеңестің мүшесі, Халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау университетінің еңбек сіңірген профессоры (Прага, Чехия), Жоғары мектеп ұстаздары Еуропалық қоғамының Құрметті мүшесі, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының және Еуразиялық Одақ Мемлекеттерінің Құрметті азаматы, "Алтын дәрігер", денсаулық сақтау ісінің жоғары біліктілік санаттағы дәрігер-ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек ардагері Жаңабаев Дүйсебай Жаңабайұлы "HIPPOCRATES" орденімен және "Ұлттық медицина қауымдастығының көшбасшысы" медалімен марапатталды.

Профессор Д.Жаңабаев отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі және Қазақстан халқының денсаулығы үшін риясыз еңбегі, науқастарға медициналық көмек көрсету кезіндегі рахымдылығы, мейірімділігі және кәсібилігі үшін Қазақстанның Ұлттық медициналық қауымдастығында номинацияланған.

Марапаттау рәсімі 2022 жылғы 19 мамырда Ақмола облысы Көкшетау қаласының Қазақ драма театрында "Өмір үшін интеграциялау" Республикалық ведомствоаралық конференциясының жұмысы кезінде салтанатты жағдайда өтті.

Астана Медицина Университеті мен оның Радиобиология және радиациялық қорғау институтының ұжымы Дүйсебай Жаңабайұлын лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық пен мол табыс тілейді!


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика