Бүгін Астана медицина университетінің ұжымы мен студенттерінің Сенат депутаты Ақмарал Әлназаровамен кездесуі өтті

Бүгін Астана медицина университетінің ұжымы мен студенттерінің Сенат депутаты Ақмарал Әлназаровамен кездесуі өтті

Кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар және алдағы референдумды өткізу мәселесі талқыланды.

Ақмарал Шәріпбайқызы кездесу барысында медицина саласы қызметкерлері мен студент жастардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық реформада көтерілген ауқымды мәселелер жайында түсіндіріп айтып берді.

Кездесуге қатысушылар еліміздің дамуы туралы ойларымен бөлісіп, Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдады. Медициналық құқық және этика кафедрасының профессоры Жамалден Ибрагимов "Азаматтардың құқық механизмдерін күшейту" тақырыбына баяндама жасады.

            Іс-шара барысында медициналық білім мен ғылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика