25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні

25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні

Дүниежүзілік қалқанша безі күні 2008 жылы қалқанша безі мен оның ауруларына байланысты мәселелерді зерттеумен айналысатын Еуропалық тиреоидологиялық қауымдастықтың (European Thyroid Association, ETA) бастамасымен құрылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша әлемдегі ересек тұрғындардың 10-30%-ы йод тапшылығы салдарынан бездің ұлғаюына немесе қалқанша безінің тағы да басқа ауруларына шалдыққан. Жыл сайын бұл көрсеткіш 5% - ға артып келеді.

Гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Баян Айнабекованың айтуынша, Қазақстан да бұл сырқаттан тыс қалған жоқ: Эндокриндік патология құрылымындағы қалқанша без ауруларының үлесі 22,3% - ды құрайды. Әрбір бесінші қазақстандықтың қалқанша без функциясы бұзылған деп айтуға болады. Бұл статистика елдің географиялық жағдайына тығыз байланысты.

Қалқанша безінің ауруларының алдын-алу үшін:

Йод тапшылығының дамуына жол бермеу үшін, оның жетіспеушілігін толтырыңыз. Күнделікті қажеттілік: 100-200 мкг йод.

Йодталған тұзды қолдану алдын алудың тиімді әдісі болып табылады, 1 грамм жаңа йодталған тұзға шамамен 40 мкг йод келеді. Сондай-ақ, балық пен теңіз өнімдерінде йод мөлшері жоғары.

Теңіз орамжапырағы-йодтың нағыз қоймасы, 100 грамм қырыққабатта 500 мкг йод және ағзаға йодты сіңіруге мүмкіндік беретін белсенді заттар бар.

Дене салмағын бақылап отыру, энергия шығындарына сәйкес тамақтану маңызды.

Көп қимылдаңыз, физикалық жағынан белсенді болыңыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика