АстМУ-да Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

АстМУ-да Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін, 16 маусымда Астана Медицина Университетінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Басқарма төрағасы – Ректор Камалжан Надыров қонақтар мен әріптестерді мерекемен құттықтап сөз сөйледі. «Медицина – бұл ерекше рухани қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін жоғары кәсіби біліктілікті, білім мен дағдыларды талап ететін мамандық екенін атап өтті. Біздің міндетіміз, терең білім мен дағдылардан басқа, студенттерге адамгершілікті, жанқиярлықты, жоғары жауапкершілікті сіңіру», деп атап өтті ол өз сөзінде.

Құттықтауларға Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, "Аманат" партиясының мүшесі Владислав Сергеев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли қосылды. Олар медицина қызметкерлерінің игі ісіне жылы лебіздерін білдірді, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудағы университеттің қызметін және отандық денсаулық сақтауды дамытуға қосқан маңызды үлесін ерекше атап өтті.

Шара барысында концерттік бағдарлама мерекелік атмосфера сыйлады.

Ең маңызды шара - Салтанатты түрде марапаттау рәсімі болды. Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамның үздіктері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгілерімен:

"Еңбек ардагері":

Адайбаев Төлеуғали Адайбайұлы,

Ахметова Дина Нагметқызы

 

"Денсаулық сақтау ісінің үздігі":

Жиенбаев Ерсайын Рамазанұлы

Казак Инна Константиновна

Байдуйсенова Әлия Өтешқызы

Джетписбаева Зульфия Сейтмағамбетқызы

Базарова Анна Викеньтьевна

 

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін":

Ермекова Күлчат Төкенқызы

Смайылова Ғалия Төлеуқызы

Ангелов Александр Владимирович

Әлмұхамедова Алма Хабировна

Рүстемова Күлсара Рүстембекқызы   марапатталды.

 

Сондай-ақ, "Үздік мамандық иесі" байқауының жеңімпаздарының есімдері аталды:

          Хирургиялық бағыт бойынша стМУ-дың үздік дәрігері " – Макишев Абай Қайырғожаұлы;

          Терапиялық бағыт бойынша "АстМУ-дың үздік дәрігері " - Кулжанова Шолпан Адылғазықызы;

          Педиатриялық бағыт бойынша "АстМУ-дың үздік дәрігері " - Абдрахманова Сағира Тоқсанбайқызы;

          стМУ-дың үздік оқытушысы" дипломымен Мусина Айман Аяшқызы;

          стМУ-дың үздік ғалымы" дипломымен Игисинов Нұрбек Сағынбекұлы;

          стМУ-дың үздік жас зерттеушісі" дипломымен Қашқынбаев Ерлан Тұрсынбайұлы марапатталды.

          стМУ-дың үздік клиникалық базасы" атағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына берілді, бас дәрігері - Кулушева Гулнар Ережеқызы.

Үздік теориялық кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы

Үздік клиникалық кафедра: академик Жанғали Хамзабаев атындағы радиология кафедрасы.

 

Биыл университетте алғаш рет "2022 жылдың үздік түлегі" байқауы өтті. Салтанатты шара барысында олардың есімдері жарияланды:

          стМУ-дың үздік түлегі - жалпы практика дәрігері" (интернатура) - Ықтияров Аяз Әбдірахымұлы;

          стМУ-дың үздік түлегі - стоматолог" (интернатура) - Казбекова Айгүл Мухамедқызы;

          стМУ-дың үздік түлегі- хирургиялық бейін" (резидентура) - Халмуминов Диас Дәрібайұлы;

          стМУ-дың үздік түлегі- терапевтік бейін" (резидентура) - Бектасова Баян Бүркітқызы;

          стМУ-дың үздік түлегі - педиатриялық бейін" (резидентура) - Сыздыкова Әсем Думанқызы;

          стМУ үздік түлегі - анестезиолог-реаниматолог" (резидентура) - Кадралинова Әсия Тастемірқызы.

Мерекелік концерт салтанатты шараға әсем көңіл-күй сыйлады.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика