АстМУ ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

АстМУ ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде

Астана Медицина Университетіне "Innovative water – soluble phytomaterial inhibitors for Alzheimer' s and Parkinson 's disease prevention" халықаралық жобасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде И.М. Сеченова атындағы Мәскеу медициналық университетінің І Молекулярлық биология институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Евгений Свирин келді.

Евгений Свирин Қалыпты физиология кафедрасының қызметкерлеріне "Тышқандардағы модельдердегі нейропсихиатриялық патологиялардың дамуындағы генетикалық және экологиялық факторлардың өзара әрекеттесуін зерттеу" тақырыбында баяндама жасады.

Презентация кафедраның оқытушылары арасындаа үлкен қызығушылық тудырды, себебі кафедраның ғылыми бағыты ұсақ зертханалық жануарлар организміне стресс факторларының кешенді әсерін зерттеу болып табылады. Баяндамашыға көптеген сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасылды.

Алдағы аптада Е.Свириннің басшылығымен тышқандарға бірлескен эксперименттер жүргізу жоспарланған, бұл халықаралық жобаны орындаудың алғашқы кезеңі болмақ.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика