Литва денсаулық туралы ғылымдар университетіндегі мастер-класс

Литва денсаулық туралы ғылымдар университетіндегі мастер-класс

2022 жылдың маусымның 13-і мен 17-сі аралығында Литвалық денсаулық ғылымдары университетінде (Литва, Каунас қ.) Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде Магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd жобасы аясында «Мейіргер ісіндегі озық сапалық әдіс-тәсілдер» атты мастер-классы өтті.

Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында бұл мастер-классқа Астана медицина университетінен “Мейіргер ісі” мамандығының 4 магистранттары, сондай-ақ дәлелдемелі медицина курсы бар жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының және мейіргер ісі кафедрасының 4 ассистенттері қатысты.

Қатысушылар еуропалық университеттердің жетекші эксперттерінің (Joseph Almazan, Thóra B. Hafsteinsdóttir, Stina Wallin, Olga Riklikiene, Aurelija Blaževičienė, Jurgita Gulbiniene) дәрістерін тыңдап, апта қарқынды өтті. Дәрістер Қазақстандағы мейіргер ісі саласында сапалы зерттеулер жүргізудің түрлері, артықшылықтары мен қыр-сырлары сынды барлық қажетті мәліметтерді қамтыған, сондай-ақ жаңа материалдарды бекіту Қазақстанның білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, шағын топтарда тапсырмалар орындау арқылы болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика