Құрметті ақылы негізде оқитын студенттер, интерндер мен магистранттар!

Құрметті ақылы негізде оқитын студенттер, интерндер мен магистранттар!

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау факультеттер (бакалавриат студенттері үшін), интернатура және резидентура орталығы (интерндер үшін) және магистратура және докторантура орталығы (магистранттар үшін) жүзеге асырады.

Құжаттар тізімі:

1) Үлгіге сәйкес өтініш;

2) Жеке куәліктің көшірмесі;

3) Келесі жеңілдік санаттарының біріне жататын білім алушылар үшін растайтын құжаттар:

·       толық емес отбасы/ асыраушысынан айырылу;

·       мүгедек студент;

·       отбасында мүгедек бала болған жағдайда;

·       ата-ана/ ата-ананың бірі мүгедек және/немесе зейнеткерлер;

·       көп балалы отбасы (18 жасқа дейінгі 4 және одан көп бала);

·       ата-анасының/қамқоршысының қамқорлығынсыз қалған білім алушы;

4) конкурсқа қатысуға және бос мемлекеттік білім грантына үміткер болуға рұқсат беру туралы ақы төлейтін ұйымның келісім-хаты (ұйымдар/әкімдік және т.б. қаражаты есебінен оқитын студенттер үшін). 



Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика