Білім алушыларды мониторингілеу және есепке алу орталығы

Білім алушыларды мониторингілеу және есепке алу орталығы

Басшылық
Мухаббат Байтемировна Алиева
Орталық басшысы

Кадрлық құрам

Мақсаты

·         білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім алушылар контингентін есепке алу бойынша деректердің нақтылығы;

·         білім алушылардың жеке істерінің сақталуын қамтамасыз ету;

·         ЖОО түлектері үшін қатаң есептегі бланкілерге уақытылы тапсырыс беру;

·         ЖОО түлектеріне интернатураны және резидентураны бітіргені туралы дипломдарды, куәліктерді уақытылы ресімдеу және беру;

·         Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы азаматтар жүгінген кезде көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету (дипломдардың телнұсқалары, интернатураны және резидентураны бітіргені туралы куәліктің телнұсқалары);

·         білім алушылардың электрондық базасындағы деректерді бақылау және мониторингілеу.

Құрылу тарихы

Білім алушыларды мониторингілеу және есепке алу бөлімі 2006 жылы барлық мамандықтағы студенттердің жеке істерін ретке келтіру және сақтау мақсатында дербес бөлім ретінде ашылды.

2006 жылы бөлім "студенттік бөлім "деп аталды, 2010-2012 жылдары бөлім құрамына өндірістік тәжірибе енгізілді, нәтижесінде бөлім "студенттерді есепке алу және өндірістік тәжірибе бөлімі" деп аталды, 2013 жылдан бастап өндірістік тәжірибе бекітуден шығарылды. 2019 жылы ЖОО құрылымының өзгеруіне байланысты студенттерді есепке алу бөлімі кәсіптік бағдар беру, психологиялық бейімдеу және білім алушыларды есепке алу орталығы болып өзгертілді. Кәзіргі уақытта «Білім алушыларды мониторингілеу және есепке алу орталығы» деп аталады.

Орталық Университет Жарғысының негізінде және өзінің практикалық жұмысында әрекет ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Басқарма Төрағасы - университет ректорының бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа алады.

2006 жылдан бастап бөлімді М. Б. Алиева басқарады, бөлімшенің бірінші құрамында Тарасова Г. Л., Шубаева Л. А., Нурханова С. А., Абдраева А. жұмыс істеді.

Бөлімнің жұмыс істеген кезеңінде келесі қызметкерлер жұмыс жасады: Муханбетжанова А., Ембердиева Н., Садбекова Б., Кожамкулова А., Бейсенова Г, Дюсенбаева г., Мединаева г., Каратохинова С., Шабанбаева А., Алиева С., Накупова К., Омар Ж., Садыбекова У.Т., Манакбаева Т.А., Ильясова А.Б.

Қызметі

·         1 курсқа түскен жеке істерді қабылдау;

·         білім алушылардың электрондық базасындағы деректерді жеке істермен өзектендіру (деректерді және сканерленген құжаттарды жеке істерден түпнұсқасымен салыстыру);

·         білім алушылардың жеке істерін сақтау (контингентке сәйкес курстар бойынша істердің болуы);

·         қатаң есептегі құжаттарға тапсырыс беру және есепке алу (дипломдар, куәліктер бланкілері)

·         жоғары оқу орнының түлектері үшін интернатураны және резидентураны бітіргені туралы дипломдар мен куәліктерді ресімдеу және олардың нөмірлерін беру туралы қол қоя отырып, бітірушілерді есепке алу журналына тіркеу;

·         білім алушылардың жеке істері бойынша және электрондық базада (қайта қабылдау, оқудан шығару, түлектерді шығару, курстан курсқа ауыстыру, басқа ЖОО-нан ауыстыру және т. б.) мәліметтер мониторингі;

·         электрондық базада білім алушылардың деректерін енгізу және түзету;

·         білім алушылар контингенті бойынша есеп (әр айдың 5 күніне);

·         мемлекеттік гранттардың қозғалысы бойынша есеп (әр айдың 5 күніне);

·         жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру нысаны бойынша статистика департаментіне жылдық есеп;

·         ҚР БҒМ оқу жылының басына ЖОО-ның анықтамасы(жыл сайын);

·         мемлекеттік қызметтер (дипломдардың, куәліктердің телнұсқалары) қызмет өтініштердің түсуіне қарай орындалады;

·         сұраныс бойынша әр жылдардағы түлектер бойынша есептер;

·         білім алушының тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруына байланысты құжаттарды қайта ресімдеу бойынша бұйрықтарды дайындау;

·         сұраныстар бойынша оқу туралы растау анықтамасы;

·         білім алушылар контингенті бойынша әртүрлі ішкі және сыртқы сұраныстарға жауап дайындау;

·         Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰББДҚ) студенттердің мәліметтерін жаңарту.

Байланыс

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49 а, бас ғимарат, 2 қабат, кабинет № 202.

тел.: 53-94-35

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика