АҚ және ТЖ, еңбекті қорғау басқармасы

АҚ және ТЖ, еңбекті қорғау басқармасы

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

2012 жылы АҚ іс-шараларын қамтамасыз ету, табиғи техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған. Бөлімнің негізгі міндеттері (ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 3-бабы). Басқару, құлақтандыру, байланыс, жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және әзірлігін тұрақты қолдау. АҚ күштерін құру, оларды дайындау және ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға тұрақты әзірлікте ұстау.

Мақсаттар

Жұмысты ұтымды ұйымдастыру;

Қызметкерлер мен студенттердің университеттің ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын, еңбекті қорғау, өртке қарсы және күзет сигнализациясы нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ университет мүлкін ұрлау фактілерін бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтаған кезде тез әрекет етуді қамтамасыз ету;

техника бойынша қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғауды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету; нақты тәуекелдерді (процесті, процесс кезеңін немесе жобаны) анықтау және бағалау;

азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру;

өз өкілеттіктері мен жауапкершілігі шеңберінде сапа менеджменті саласындағы саясатты іске асыру;

барлық күзетілетін объектілер бойынша қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз ету, материалдық құндылақтарды ұрлау, бүлдіру жағдайларының алдын алу;

университет қызметкерлерін адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп туралы және ондай қауіп орын алған жағдайда іс-әрекет тәртібі туралы хабардар ету;

жұмыс істейтін персоналды, шаруашылық жүргізу объектілерін қазіргі заманғы зақымдау құралдарының әсерінен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

жергілікті құлақтандыру жүйелерін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құру және ұдайы әзірлікте ұстау;

университетте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру.

Қызметтер

Бөлімшенің негізгі қызмет түрі – лифтілерге, күзет және өрт сигнализациясына, ҚББЖ, электрондық өткізу орындарына және шлагбаумдарға қызмет көрсету бойынша қызметтерді бақылау және өнім берушілермен шарт жасасу.

Графикке сәйкес барлық ҚБ және университет қызметкерлеріне қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізу;

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ басқармасының алдағы тексеруіне сәйкес құжаттарды дайындау және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуын тексеру

ТЖ болған жағдайда эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу.

Жетістіктер

Университеттің қолда бар барлық техникалық құралдарын (күзет өрт дабылы, бейнебақылау, ҚББЖ (қолжетімділікті басқару және бақылау жүйесі), электрондық өткізу орындары, лифтілер, қауіпсіздік техникасы) үздіксіз пайдалану қамтамасыз етілген.

Байланыс:

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 1-қабат, 101-каб.

тел.: 8(7172) 56 98 55

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика