Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы

Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы

Басшылық
Суманова Айгуль Махсатовна
кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор

1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін үздік бітірген. 1987-1988 ж.ж. - Қарағанды қаласы №1 стоматологиялық емханасының –– дәрігер-интерн, 1988-1989 ж.ж. – дәрігер-стоматологы. 1989-1994 жылдарында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде терапиялық стоматология кафедрасының аспирантурасында оқыды. 1994 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1994 жылдан бастап 2003 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетітің терапиялық стоматология кафедрасының ассистенті болып істеді. 2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақ Мемлекеттік Медициналық академиясының стоматология кафедрасының доценті. 2007-2009 ж.ж. –«Астана медицина университеті» АҚ жалпы медицина, стоматология және фармация факультетінің деканы. 2009-2014 ж.ж. - «Астана медицина университеті» АҚ терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының доценті, 2014-2018 ж.ж. - профессоры, 2018 ж. бастап – кафедра меңгерушісі.

Құрылу тарихы

Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы құрылғанға дейін дәрігер-стоматологтарды ЖОО - да 2003 жылы құрылған бір ғана бейінделген стоматология кафедрасында дайындады. «Стоматология» мамандығы бойынша білімалушы студенттердің контингенті және бейінді пәндер оку сағаттары көбеюіне байланысты, 2007 ж. наурыз айында стоматология кафедрасы екіге бөлінді: терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасы және ортопедиялық және балалар стоматология кафедрасы. Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасын философия докторы (PhD) Жумадилова Анара Жаксыбаевна басқарды. 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты, профессор Батыров Тулеубай Уралбаевич жұмыс жасады.

Мақсаттар

кәсіптік және білім стандарттардың талаптарына сай дәрігер-стоматологтарды, сонымен бірге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.

Қызмет

Кафедраның негізгі міндеті мен мақсаты – мамандандырылған дәрігер стоматологтарды дайындау. Қойылған мақсатты орындалуы үшін оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, клиникалық және тәрбие жұмыстары белсенді жүргізіледі. Кафедрада білім алушы контингент – «Стоматология» мамандығы бойынша оқитын 2-5 курстар студенттері, жалпы тәжірибедегі интерн-стоматологтар, сонымен қатар магистранттар, докторанттар, резиденттер. Оқыту мамандығының жетекші бөлімдері бойынша жүргізіледі – терапиялық және хирургиялық стоматологиясы.

Кафедра университеттің Сарыарқа, 33 көшесі бойындағы оқу ғимаратында орналасады. Қала бойынша бірнеше клиникалық базасы бар, олардың ішінде «Бет-жақсүйек хирургиясының клиникасы», ҚР ҚМ бас әскери госпиталі, ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК, ШЖҚ «№2 көпбейінді қалалық ауруханасы» МКК, «Стоматология» ОКО, «Элитстом» стоматологиялық клиникасы.

Кафедраның профессорлік-оқытушы құрамы «Стоматология» мамандығы оқытатын пәндері бойынша әдістемелік материалдарын, тест тапсырмаларын, дәрістерді, оқу жұмыс бағдарламасы мен жоспарын құрастыруға белсенді қатысады.

Жыл сайын кафедраның ПОҚ заманауи оқыту әдістемесі бойынша (PBL, TBL, CBL және т.б.) семинар оқудан өтіп, педагогикалық және кәсіби біліктілігін арттырады, оқу процессіне оқытудың инновациялық технологиясын енгізеді.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы белсенді жүреді. Кафедраның басымдық ғылыми бағыты – дентальді имплантология, пародонттың және ауыз қуысы сілемейлі қабығының аурулары. 

Кафедраның қызметкерлері жыл сайын алыс және жақын шет елдерінде халықаралық ғылыми конференцияларына, республикалық сьездеріне және конференцияларына қатысып, баяндама жасайды.

Кафедраның ПОҚ және басшылықтың белсенді қатысуымен  2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласында (Астана) стоматологияның маңызды сұрақтары бойынша Бірінші Халықаралық конференциясы өтті, ол кейінгі конференцияларының қалауы болып, тәжірибеде жүрген стоматологтар және ғалымдардың жыл сайынғы дәстүрлі тәжірибе ауысу алаңына айналған.

Кафедраның ПОҚ және басшылықтың жәрдемімен айтулы даталарына арнап, бірнеше конференция ұйымдастырылып, өткізілді - «Астана медициналық университеті» стоматологиялық факультетінің 10 жылдығына (2012 ж.), Астананың 20 жылдығына (2018 ж.), проф. Т.У. Батыровтың 70 -жылдық мерей тойына орай (2019 ж.), сонымен қатар стоматология бойынша Халықаралық студенттік олимпиадасы (2019 ж.).  

Кафедраның ПОҚ клиникалық базаларында кәсіби тәжірибелік стоматологиялық көмегі көрсету бойынша белсенді жұмыстарын атқарады. Кафедраның жетекші оқытушылар стоматологиялық клиникаларының және қала ауруханаларының бет-жақсүйек хирургия бөлімшелерінің кеңесші болып табылады. 

Жетістіктер

2008-2009 ж.ж. кафедраның 2 оқытушы кандидаттық диссертация қорғады. Проф. Батыров Т.У., проф. Суманова А.М., проф. Сағындық Х.Л. басшылығымен 5 магистрлік диссертация, PhD докторі дәреже алу үшін 1 диссертация сәтті қорғалды. Кафедраның қызметкерлерімен 1 патент алынған, 40-тан аса ғылыми жұмысы жарияланған, соның ішінде 5 – нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланған басылымдарда. 

Кафедраның профессорлік-оқытушы құрамы (проф. А.М. Суманова, Т.У. Батыров, проф. Х.Л. Сагындык, доц. Б.Б. Кожаков, доц. Ж.А. Шабанбаева, доц. З.А. Пайзиева, ассистенттер А.А. Сугурбаев, Д.Е. Адилбеков) 15 оқу-әдістемелік оқулықты дайындап шығарған (монографиялар, нұсқаулықтар, оқу құралдар, әдістемелік нұсқаулар), инновациялық оқыту әдісін енгізуіне 1 акт алған.

Кафедраның қызметкерлері ЖОО басшылығымен, ҚР ДМ, ҚР ҒБМ, стоматологтар ассоциацияларымен бірнеше рет көп жылдық адал еңбектері үшін марапатталынған.

2015 жылы проф. Т.У. Батыров, проф. А.М. Суманова, доц. К.К. Байбулова, доц. В.Р. Деточкина, доц. Ж.А. Шабанбаева саласының дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстандық Стоматологиялық Ассоциациясынан алтын медальдарымен марапатталынды. 2016 жылы доц. В.Р Деточкина ҚР әлеуметтік дамуы және денсаулық сақтау министрінен алғыс хат алды.

2017 жылы профессор Т.У Батыров және доцент К.К Байбулова Астана қаласындағы «Инновации в стоматологии-2017» Халықаралық стоматологтар конгресінде «Білім және стоматологиялық ғылымның дамуына үлесін қосқан үшін» FDJ, ҚСА, БҚСА құрметті  вымпелмен марапатталды, және «Казақстанның стоматологияның алтын қоры» тізіміне кіргізілді. 2017 жылы доц. В.Р. Деточкина университеттің «Үздік дәріскер»  премиясының номинанты болды.

2017 жылы проф. А.М.  Суманова ҚР тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» ҚР ғылым және білім Министрінің грамотасымен марапатталынды.

«Денсаулық сақтау жұмысшылардың Қазақстандық салалық кәсіподағы» ҚҰ-нан кафедраның қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды  -  аға лаборант Г.А. Бодыкова (2018), ассистент У.З. Ергалиева (2019).

2019 жылы кафедраның меңгерушісі проф. А.М. Суманова табысты еңбегі үшін және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР денсаулық сақтау Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Байланыс деректері

Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа көш.,33, каб. 418,422, 

тел. (8-7172) 44-39-73

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика