Жұқпалы аурулар мен туберкулездің вакцинопрофилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел – кездесу өткізілді

Жұқпалы аурулар мен туберкулездің вакцинопрофилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел – кездесу өткізілді


25.04.2024 ж. "АсМУ" медициналық орталығы " ЖШС және «Жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология» кафедрасының бастамасымен, «Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар» кафедрасымен бірлесіп, Әлеуметтік және тәрбие жұмысы және клиникалық қызметті дамыту және практика орталықтарының қолдауымен, Еуропалық иммундау апталығы аясында, жұқпалы аурулар мен туберкулездің вакцинопрофилактикасы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар, жалған құжат, білім алушылардың флюорологиялық зерттеу деректерін бұрмалау мәселелері қозғалды және академиялық жауапкершілік туралы, осындай теріс қылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік болатыны туралы хабардар етілді.

Өткізілген дөңгелек үстел барысында білім алушылар арасында алдын алу және вакцинопрофилактиканың ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Вакцинациядан бас тартудың негізгі себептері талқыланды, оның салдары профилактикалық егуден жалтаруға әкелуі мүмкіндігі талқыланды. Берілген тақырып бойынша жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының оқытушылары Д. М. Байбосынов, Г. Б. Байгулова, иммунология кафедрасының оқытушысы А. А. Улханов баяндама жасады.

Талқылауға белсенді қатысқандар:

1. "АcМУ" медициналық орталығы ЖШС директоры Алпысбекова Г. М.

2. Клиникалық қызметті дамыту және практика орталығы

басшысы Иманова Ж. А.

3. Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі орталық жетекшісі Шаймерденова З.Н.

4. "АcМУ" медициналық орталығы ЖШС дәрігер эпидемиологы Спанов Ш. Ш.

5. Аға оқытушы Мухажанова Г. О.

6. Ассистент Салимжанова Ж. М.

7. Спикерлер, белсенділер, топ жетекшілері.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика