«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2024 жылдың 26 сәуірінде А.Б. Әубәкіров атындағы адам анатомия кафедрасының бастамасымен «Астана медицина университеті» КЕАҚ-да «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – студенттерді анатомиялық препараттарды жасау арқылы бірегей препараттардың құрылымын және оларды дайындаудың инновациялық әдістерін терең зерттеу, анатомия мен медицинаны практикалық және қолданбалы түрде меңгеру, ғылыми зерттеуге алғашқы күннен белсенді түрде қатыстыру.

Конференцияға Қазақстан, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасынан жетекші ғалымдар қатысты. Витебск мемлекеттік Халықтар достығы орденді медицина университетінің адам анатомия кафедрасының меңгерушісі А.К. Усович, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының адам анатомия кафедрасының меңгерушісі Т.С. Абаева, Әндіжан мемлекеттік медицина институтының анатомия және клиникалық анатомия кафедрасының меңгерушісі З.А. Кахаров өз университеттерінде анатомиялық мұражайларды ұйымдастыру мен морфологиялық пәндерді оқытуға арналған көрнекі жабдықтармен қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті.

Конференция бағдарламасында қатысушылардың анатомиялық препараттарды жасаудың дәстүрлі және инновациялық әдістері туралы онлайн және офлайн форматтағы баяндамалары қамтылды.

          Конференция барысында қатысушылар бірнеше ай бойы дайындалған, анатомиялық препараттарды дайындаудың әртүрлі әдістерімен жасалған ғылыми жобаларын ұсынды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры В.В. Койков пен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры А.Ы. Ғазизова төрағалығымен объективті қазылар алқасы ұсынылған барлық ғылыми анатомиялық жобаларды мұқият зерделеп, үздік жұмыстарға жүлделі орындар табыс етті.

«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары мен қонақтары конференцияның студенттерді ғылыми зерттеулерге белсене тартудағы рөлін, болашақ медицина мамандарының тәжірибелік дайындығы үшін конференцияны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Конференцияда ұсынылған ең үздік анатомиялық ғылыми жобалар анатомиялық мұражайдың экспонаттары болып сақталады.

Конференция тәжірибе мен идеялар алмасудың пікірталас алаңына айналды, елдердің университеттері арасындағы серіктестікті дамытуға, ғылыми зерттеулерді танымал етуге, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуға, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын құру мәселелерін талқылауға және морфология ғылымдарының дамуындағы негізгі мәселелерді шешу шараларын анықтауға мүмкіндік берді.

Конференцияның барлық қонақтары мен қатысушылары электронды қатысу сертификаттарын алды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика