"Стоматология" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Исламғалиев Бекзат Әлібиұлы, ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Ж.Б.Жилкибаеваның жетекшілігімен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің "Стоматология" факультетінің 65 жылдығына арналған "Asfen.forum – жаңа ұрпақ 2024 " II Халықаралық форумы шеңберінде "алға қадам" кәсіби конкурсының нәтижелері бойынша I дәрежелі диплом иегері атанды. Алматы қ., сәуір 2024 ж.