Профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов 2024 жылғы 7 сәуір мен 9 сәуір аралығында Германияның Берлин қаласында Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының EHRA 2024 халықаралық конгрессіне қатысты

Профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов 2024 жылғы 7 сәуір мен 9 сәуір аралығында Германияның Берлин қаласында Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының EHRA 2024 халықаралық конгрессіне қатысты

Сәуір айының 7-9 аралығында Қазақ аритмология қоғамының президенті, медицина ғылымдарының докторы, кардиология кафедрасының меңгерушісі, профессор Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов бастаған Қазақ аритмология қоғамының өкілдері Берлин қаласында (Германия)өткен «Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы EHRA – 2024» Халықаралы- Конгрессіне қатысты. Қазақстан делегациясы құрамында барлық дерлік облыстардың аритмологтары болды.

Конгресстің ғылыми бағдарламасындағы 8 баяндаманың 4 баяндамасын Аян Сүлейменұлы ұсынды. «The best practices for safety and effectiveness in pregnant: zero-fluoroscopy arrhythmias catheter ablation» тақырыбы бойынша 1 ауызша баяндама, «Arrhythmia during gestation: from diagnosis to follow-up», «Tachyarrhythmia during gestation: peculiarities of manifestations and clinic», «Innovations in arrhythmia management in pregnant woman: catheter ablation without using fluoroscopy» тақырыптарымен 3 постерлік баяндама таныстырылды. Ұсынылған ғылымижұмыстардың нәтижелері шетелдік әріптестермен пікірталас барысында аудиторияда үлкенқызығушылық тудырды, осы санаттағы науқастарды басқарудың қиындықтары мен оны шешудің мүмкін болатын  тиімді жолдарын талқыланды.

«EHRA 2024» Халықаралық Конгрессі аясында 320-дан астам ғылыми сессиялар қарастырылды, аритмология саласы бойынша соңғы ұсыныстар мен зерттеу нәтижелері ұсынылды, тренингтер және операциялық бөлмелерден трансляцилар өткізілді, сондай –ақ сарапшылармен клиникалық жағдайлар талданды, медициналық жабдықтардың көрмесі өтті. 

Қазақстандық дәрігерлердің «EHRA 2024» Халықаралық Конгрессіне тыңдаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді ғылыми баяндамашы ретінде қатысуы, Қазақ аритмология қоғамының қарқынды дамуының көрсеткіші ретінде және еліміздің халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика