Бішкектегі «Миррахым оқулары» халықаралық конференциясы: кардиология және жұқпалы емес аурулары саласындағы инновациялар мен технологиялар

Бішкектегі «Миррахым оқулары» халықаралық конференциясы: кардиология және жұқпалы емес аурулары саласындағы инновациялар мен технологиялар


2024 жылдың 27-29 наурызында Қырғызстан астанасында «Миррахимов оқулары» атты маңызды медициналық конференция өтті. ШЫҰ елдеріндегі кардиология мен жұқпалы емес ауруларды саласындағы  инновациялар мен технологияларға арналған бұл шара әлемнің әр түкпірінен жетекші мамандардың басын қосты.

Конференцияның маңызды оқиғаларының бірі – Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, кардиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абдрахманов Аян Сүлейменұлы модераторлық еткен «Өмір ырғағы – жүрек ырғағы» атты симпозиум болды. Бұл симпозиум қатысушылардың назарын аритмиямен байланысты мәселелерге және оларды түзетудің инновациялық әдістеріне аударды. Профессор Абдрахманов А.С. тыңдаушылар назарын электродтарды қолданбай жүрек ырғағының бұзылуын емдеудің заманауи технологиялары мен әдістеріне аудара отырып, «Электродсыз жүрек стимуляциясы» тақырыбында баяндама жасады. Бұл тәсіл жүрек ауруын емдеудің тиімді және қауіпсіз әдістерін үздіксіз іздестіру жолында ерекше өзекті болып табылады.

Сонымен қатар, профессор интервенциялық аритмологияда кеңінен танымал болып келе жатқан әдіс - жүрекшелер фибрилляциясының криоабляциясы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Криоабляция жүрек ырғағын дәл және қауіпсіз қалпына келтіруге, жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл шара жұқпалы емес аурулар саласындағы және жетекші кардиологтар мамандарын біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу мен диагностикалаудың ең озық әдістерін қарастыруда  біліммен және тәжірибемен алмасу үшін ұйымдастырылған трансферттік алаң болды. «Миррахим оқулары» ШЫҰ елдерінде және одан тыс жерлерде емдеудің озық әдістерін ілгерілететін және кардиология мен инфекциялық емес медицинаның дамуына ықпал ететін, медициналық конференциялар күнтізбесіндегі басты оқиға болып қала береді.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика