«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен «Авиценна» бірлескен бағдарламасы

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен «Авиценна» бірлескен бағдарламасы

Біздің университет «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп, Орталық Азиядағы медициналық білім беру саласындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған «Авиценна» бағдарламасын жүзеге асырды. Бұл жобаға қатысқан университеттердің бірі Ош мемлекеттік медицина университеті мен Қырғыз мемлекеттік медицина университеті болды. 7 білім алушы «Ағзалар мен жүйелердің патологиялық физиологиясы» модулі бойынша білім алды. Модуль В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасында өтті. Студенттер модульді сәтті аяқтады, халықаралық ынтымақтастық орталығы транскрипттерді және естелік сыйлықтарды табыс етті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика