Астана медицина университетінің студенттері мен қызметкерлері «Қан тапсыр – өмірді сақта!!!» ұранымен жыл сайынғы «Донор күні» акциясына қатысты.

Астана медицина университетінің студенттері мен қызметкерлері «Қан тапсыр – өмірді сақта!!!» ұранымен жыл сайынғы «Донор күні» акциясына қатысты.


Акция Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (қан орталығы) өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара өтеусіз донорлықты дамытуға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция аясындағы алғашқы шара өткен жылдың қараша айында өткен болатын. Университеттің симуляциялық орталығында қан тапсыру өтті, 60-тан астам адам басқаларға көмектесу және бақытты өмірге үміт беру мүмкіндігін пайдаланды. 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика