«Денсаулық Диагностикасы» зертханасы

«Денсаулық Диагностикасы» зертханасы

Басшылық
Кошерова Перизат Алтынбекқызы
Басшы

медицина ғылымдарының магистрі

Кадрлық құрам

Құру тарихы:

2012 жылы м.ғ.д., профессор Е.Д.Дәленовтың бастамасымен профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасының базасында, кафедраның білім беру қызметі бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған "Денсаулық диагностикасы" оқу зертханасы құрылды. 2023 жылдан бастап Академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ құрамына кірді.

Мақсаты:

Денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған ағзаның жай-күйін диагностикалау саласында білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.

Негізгі қызмет түрлері:

- ағзаның антропометриялық көрсеткіштерін өлшеу;

- биоимпедансметрия әдісі арқылы дененің құрылымдық компонентін өлшеу;

- ағзаның жай-күйін талдау үшін функционалдық сынамалар жүргізу;

- денсаулықтың донозологиялық диагностикасын жүргізу және "Денсаулық паспортын" толтыру;

- білім алушылардың нақты тамақтануын анықтау

- нутриционды статусын анықтау;

- білім алушылардың және басқа да жас топтарының денсаулық жағдайы мен биологиялық жасын бағалау;

- биологиялық жасты анықтау;

- білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысындағы консультативтік қызмет.

Байланыс:

Астана қаласы

«Астана медицина университеті» КеАҚ,

Бейбітшілік көшесі, 49, Академик Е.Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ, «Денсаулық Диагностикасы» зертханасы, екінші қабат, 216 кабинет

Тел. 8(7172) 53-95-34, 53-95-17.

Электронды мекен-жай: nii.dalenov@amu.kz


Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика