Құрылу тарихы:
Институт 2004 жылы Астана медицина университетінің Радиобиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының негізінде профессор Полат Қазымбетұлы Қазымбеттің бастамасымен құрылды, 2010 жылы атауы «Радиобиологиялық зерттеулер институты», 2014 жылы «Радиобиология және радиациялық қорғау институты», 2024 жылы Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ болып өзгертілді.
Полат Қазымбетұлы Қазымбет – институттың құрметті директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, «Медициналық радиология және радиациялық қауіпсіздік» халықаралық мамандандырылған ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі (Мәскеу қ.), Азиялық радиациялық зерттеулер қауымдастығының вице-президенті, «Республикалық радиобиологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті.
Соңғы 20 жыл ішінде Институтта радиациялық қауіпті кәсіпорындардың кәсіби қызметкерлерінің және уран өндіретін, мұнай өндіретін және тау-кен өндірісі аймақтарында тұратын халықтың радиациялық қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша 22 ірі ғылыми-техникалық грант орындалды. 10 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 3 философия докторы (PhD) және 12 ғылым магистрі дайындалды. 20 авторлық өнертабыс пен куәліктері, 6 монография және оқу құралдары, 10 әдістемелік ұсыным, 300-ден астам ғылыми мақала және Практикалық денсаулық сақтау ісіне енгізу туралы 54 акт әзірленді.
Міндеттері
– Радиобиология, радиациялық эпидемиология, радиациялық медицина, радиациялық гигиена, радиациялық экология және радиациялық генетика салаларындағы басым ғылыми бағдарламаларды әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу;
– ЖОО ғылымын дамыту, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын интеграциялау;
– Радиобиология және радиациялық медицина саласында бакалавриатта, магистратурада және PhD докторантурада жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикалық денсаулық сақтау және басқа да салаларға енгізу;
– Жақын және алыс шетелдердің жетекші бейінді институттарымен радиациялық медицина және радиобиология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
– Радиациялық қауіпсіздік, еңбек гигиенасы, сондай-ақ кәсіптік аурулар бойынша түрлі ведомство мамандарының біліктілігін арттыру;
– Тұрғын үйлер мен өндірістік үй-жайларда, сондай-ақ қоршаған орта объектілерінде радиациялық қауіпсіздік нормаларының сақталу деңгейін анықтау бойынша ақылы қызметтер көрсету.
Институттың миссиясы:
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған радиобиология, радиациялық медицина, гигиена және радиоэкология саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Мақсаты
Халықтың радиациялық қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешуге және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған радиобиология, радиациялық медицина, гигиена және радиоэкология саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Функциялары:
• Қоршаған орта объектілерін және радиациялық қауіпті объектілер орналасқан аудандарда тұратын халықтың денсаулық жағдайын бағалауды, сондай-ақ физикалық және химиялық табиғат агенттерінің қауіп-қатерлерін бағалауды қамтитын кешенді радиациялық-гигиеналық зерттеулер жүргізу;
• Институтта құрылған салалық медициналық-дозиметриялық тіркелімді қолдану негізінде персонал мен халыққа техногендік әсер ету салдарларына эпидемиологиялық тұрғыда ғылыми зерттеулер жүргізу;
• Персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік, әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру;
• Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және радиациялық қауіпсіздік және қорғау саласындағы мамандар үшін біліктілік арттыру курстарын өткізу.
Қызметі
1. Білім беру қызметі
2. Ғылыми қызмет
3. Ақылы қызмет көрсету
Институт өз қызметін келесі лицензиялар негізінде жүзеге асырады:
– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі Комитетінің «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтерді көрсету» қызметтерімен айналысуға 16.03.2020 ж. № 20004992 лицензия;
– Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі Комитетінің «Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлау» қызметтерімен айналысуға 22.04.2019 ж. № 19009260 лицензия;
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің «8D101 – Денсаулық сақтау» және «8D051 – Биология» мамандықтары бойынша PhD докторанттарды даярлау, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша магистрлерді даярлау, «Радиобиология» секциясы, «7М051 – Биология» мамандығы бойынша магистрлерді даярлау бойынша 19.03.2019 ж. № KZ93LAA00014823 лицензиясы;
– Астана қаласы әкімдігі «Денсаулық сақтау басқармасының «Медициналық қызмет» көрсету жөніндегі 17.10.2017 ж. № 17017850 лицензиясы.
Көрсетілетін ақылы қызметтердің түрлері:
– Несептегі уранды анықтау;
– Кәсіпорындардағы жұмыс орындарын аттестациялау;
– Мамандардың біліктілігін арттырудың білім беру курстары:
– «Иондаушы сәулелеу көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік», «Дозиметрист», «Сәулелік тексеру қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік», «Жабық сәулелеу көздерімен және иондаушы сәуле шығаратын құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік», «Медицинадағы радиациялық қауіпсіздік» тақырыптары бойынша мамандардың біліктілігін арттыру курстары;
– Гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының қуатын (ЭДҚ) және альфа, бета-бөлшектердің ағынының тығыздығын өлшеу;
– Радонның және басқа да радиоактивті газдардың концентрациясын өлшеу;
– Қоршаған орта объектілерінің (топырақ, су, өсімдіктер және т.б.) сынамаларында радиоспектрометриялық анықтаулар – U238, U234, ТҺ232, ТҺ230, ТҺ228, К40, Cs137, радиометриялық анықтаулар – Ra226, Ra228, Pb210, Po210;
– Персоналды жеке дозиметриялық бақылау;
– Өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау;
– Аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
– Иондаушы сәулелеу көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулелеуді генерациялайтын құрылғылардың, жабдықтардың, қондырғылардың (медициналық рентген-компьютерлік томографтар; жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғылары; медициналық рентген-ангиографиялық аппаратура, медициналық рентгендік стоматологиялық жабдықтар, медициналық рентген маммографиялық қондырғылар) жұмыс сапасын бақылау.
Институттың құрылымы:
1. Радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы (ISO/IEC 17025-2019 стандарты бойынша аккредиттелген);
2. Радиациялық эпидемиология және медициналық-дозиметриялық тіркелім зертханасы;
3. Радиациялық қауіпсіздік және гигиена зертханасы.
Зертхананың міндеттері:
1. Радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы:
– Техногендік радионуклидтермен ластанған аумақтарды тазартудың тиімді әдістерін әзірлеу;
– ҚР аумағында қоршаған орта объектілерінің сынамаларында радионуклидтердің белсенділігін талдаудың заманауи және тиімді әдістерін енгізу, оқыту және тарату;
– Бекітілген қызметкерлерге, магистранттарға, PhD докторанттарға, «АсМУ» КеАҚ резиденттері мен ізденушілеріне және басқа да медициналық мекемелерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
2. Радиациялық эпидемиология және медициналық-дозиметриялық тіркелім зертханасы:
– Жеке дозиметриялық бақылауда тұратын персоналдың кәсіби сәулеленуінің жеке радиациялық қауіп-қатерлерін анықтау;
– Уран өнеркәсібі қызметкерлерінің медициналық-дозиметриялық тіркелімінің моделін әзірлеу;
– Уран өндіруші, тау-кен өндіруші және мұнай-газ өңірлері халқының денсаулық жағдайын талдау және бағалау;
– Медициналық-дозиметриялық тіркелімді мониторингілеу.
3. Радиациялық қауіпсіздік және гигиена зертханасы:
– Персоналға техногендік радиациялық әсер етудің қауіпсіз деңгейін реттеудің ғылыми негіздерін әзірлеу;
– Радиациялық гигиенаның басым бағыттарын анықтау, өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың жаңа әдістерін енгізу;
– Кәсіпорындардағы жұмыс орындарын аттестаттау;
– Уран өндіруші, тау-кен және мұнай өндіруші аймақтардағы қоршаған орта объектілерін кешенді радиобиоэкологиялық зерттеу;
– Радиациялық қауіпті кәсіпорын қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу.
Жетістіктері
Институт базасында 10 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 3 философия докторы (PhD) және 12 ғылым магистрі дайындалды. Қазіргі уақытта «Биология» бағыты бойынша 2 PhD докторант және 5 магистрант білім алуда. Институт қызметкерлері 20 авторлық өнертабыс пен куәлік, 6 монография және оқу құралдары, 10 әдістемелік ұсыным, 300-ден астам ғылыми мақала және Практикалық денсаулық сақтау ісіне енгізу туралы 54 акт әзірледі.
Институт қызметкерлері өнеркәсіптік кәсіпорындардың А тобы персоналының сырқаттанушылығы және жинақталған дозасы бойынша электрондық деректер базасын құрды. Осы базаның негізінде «Радиациялық қауіпті кәсіпорындар қызметкерлерінің салалық радиациялық-эпидемиологиялық тіркелімі (РЭТ)» модулі әзірленді. Қазіргі уақытта ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінде ҚР ДСМ медициналық ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.
2018 жылдан бастап институт базасында индуктивті байланысқан плазманы масс-спектрометрия әдісімен уран өндіретін өңірлердегі кәсіпорын қызметкерлерінің несептеріндегі уранды анықтау ұйымдастырылып, оның несептегі стандартты деңгейлері белгіленді (Әдістемелік ұсыныстар мақұлданды және бұйрық жобасы ҚР ДСМ енгізілді, 2019 ж.). Радиациялық қауіпті кәсіпорындардың қызметкерлері үшін «Радиациялық қауіпсіздікті медициналық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесі (РҚМҚЕБЖ)» модулі әзірленді. Институт базасында «РҚМҚСБ» Консорциумы және иондаушы сәулеленуі бар науқастарды (Семей ядролық сынақ полигонының қызметінен зардап шеккендер және Чернобыль апатын жоюшылар) емдеу тәжірибесі бар «ҰОС ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталі» ШЖҚ РМК құрылды.
Институттың бастамасымен келесі ынтымақтастық туралы меморандумдар дайындалып, жасалды:
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы қызметкерлердің денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум»;
- «Институт пен «Өзенмұнайгаз» АҚ арасындағы мұнай-газ өндіруші персоналының денсаулық жағдайын жақсарту туралы меморандум».
Институт келесі отандық және шетелдік ғылыми бағдарламаларды орындады:
Отандық ғылыми бағдарламалар:
– «Уран кеніштеріндегі сәулеленудің шағын дозаларының созылмалы әсеріне ұшыраған жұмысшыларының ДНҚ молекулалық-генетикалық сипаттамасын жасау. Шағын дозалы радиацияның әсеріне тұрақты ұшыраған адамдардың генотиптері бойынша электрондық деректер банкін құру» (2011-2015 жж.);
– «Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібі қызметкерлерінің өндірістік-шартты сырқаттану қауіп-қатерлерін төмендету» (2013-2015 жж.);
– «Арал өңірі халқының денсаулық жағдайын басқарудағы кешенді тәсілдер» (2014-2016 жж.);
– «Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз аумақтарының экологиялық жүктемесін азайту, медициналық қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау және сауықтырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» (2017-2019 жж.);
– «Радиоактивті қалдықтар қоймаларының әсер ету аймағында тұратын халықтың радиациялық қауіп-қатерлерін зерттеу және оларды төмендету әдістерін әзірлеу» (2018-2020 жж.);
– «Сырдария уран-кені провинциясының қоршаған ортасы мен тұрғындарының денсаулығы үшін жағымсыз техногендік қауіп факторларын нивелирлеу әдістерін әзірлеу» (2021-2023 жж.).
Халықаралық ғылыми бағдарламалар:
- Иондаушы сәулеленуді медициналық қолдану кезінде радиациялық қорғанысты қолдау және жақсарту үшін референс-лабораториясы бар ұлттық оқу орталығын құру (АЭЖХА жобасы);
- Қызметкерлердің уранды қайта өңдеу жөніндегі халықаралық біріккен талдауы (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция және Ресей ғалымдарының қатысуымен);
- Хиросима университеті және Цукуба университетімен (Жапония) бірлесіп қоршаған ортадағы (атмосфера мен гидросферада) радионуклидтер-дің аз мөлшерін зерттеу, 2019-2022 жж..
Қазіргі уақытта институт келесі отандық және шетелдік ғылыми бағдарламаларды іске асыруда:
Отандық ғылыми бағдарламалар:
– «Сақталған уран кеніштерінің жанында тұратын халықтың дозалық жүктемесін бағалау және эпидемиологиялық зерттеу және теріс техногендік факторларды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу» (2022-2024 жж.);
– «Мұнай өндіруші кәсіпорындардың аумағын радиациялық бақылау» (2022-2024 жж.);
– «Радиоактивті қалдықтар қоймасының жанында орналасқан Ақсу кентінің орта мектебінің радонқауіпсіздігін бағалау және білім алушылардың сәулелену қаупін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу» (2022-2024 жж.);
- «Шу-Сарысу уран-рудалық провинциясындағы радиациялық жағдайды бағалау және қоршаған ортаға теріс радиациялық әсерлерді азайту бойынша шаралар әзірлеу» (2024-2026 жж.);
- «Молекулярлық-генетикалық талдау негізінде Солтүстік Қазақстан халқында ісікке жататын және ісікке жатпайтын бронх-өкпе ауруларының пайда болуына техногендік радиациялық факторлардың әсері» (2024-2026 жж.);
- «Жер асты суларындағы радонның құрамын зерттеу және Ақмола облысының уран өндіруші өңірлерінде тұратын халықтың дозалық жүктемесін азайту әдістерін әзірлеу» (2024-2026 жж.).
Халықаралық ғылыми бағдарламалар:
«Lung cancer risk related to radon exposure: reevaluation for the public in high radon concentration areas in Kazakhstan», 2024-2027 жж. Хиросаки университетімен (Жапония) бірге, тапсырыс беруші KAKENHI –Халықаралық зерттеулерді қолдау қоры.
Байланыс телефондары:
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49А, 7-қабат, 705-каб
тел.: 8(7172) 53-94-48; 57-78-96 (ішкі 434,430,250).
факс: 8 (7172) 53-94-48.
e-mail: irrp@amu.kz