Университет жайлы

Құрметті сайт қонақтары!!!
Сіздерді "Астана медицина университеті" КеАҚ қарсы алады


Астана медицина университеті – еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі, жоғары медициналық білім беру саласында жоғары беделге, білім беру қызметтерін көрсетуде де, медицина ғылымы мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрлері бар.

1964 жылы 26 қазанда республика Министрлер Кеңесі Целиноградта медициналық институт ашу туралы қаулы қабылдады. 1997 жылы институт академия болып қайта құрылып, 2009 жылдың қаңтарынан бастап университет мәртебесіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде университет Ұлттық медициналық холдингтің құрамына енді. 2010 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына берілді.

Айта кетерлігі, университеттің аты мен мәртебесі өзгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар мамандықтар саны көбейіп, оқытудың кредиттік технологиялары мен үш сатылы білім беру жүйесі – бакалавриат, магистратура, докторантура, саны студенттер саны артып, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Университеттің клиникалық базалары ірі ұлттық және республикалық орталықтар – Ұлттық медициналық холдингтің еншілес ұйымдары болып табылады.

Рейтинг бойынша университет ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде Қазақстан Республикасының жетекші медициналық ЖОО қатарында. Университеттің академиялық серіктестері АҚШ, Сингапур, Еуропа, Ресейдің жетекші университеттері болып табылады.

Университет мәртебесі бізге медициналық білім мен ғылымда жаңа міндеттер қойып, тұрақты және ұзақ мерзімді дамудың кең перспективаларын ашады.

Администрация:


Миссиясы

Медицина кадрларының жаңа буынын, қазіргі заманғы ғылымды және Ұлт денсаулығы туралы ұғымды даярлау арқылы білімнің, ғылымның және клиникалық практиканың жоғары сапасын қамтамасыз ету жолымен қоғамды дамыту

Пайымдауы

Университет білім, ғылым және клиника бірлігі негізінде жоғары білікті мамандар даярлау арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесімен танымал. Алдағы 10 жылдық даму кезеңінде университет QS нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне кіреді.


Стратегиялық бағыттар:

— Интеграцияланған академиялық Денсаулық сақтау жүйесі (білім, ғылым және клиниканың үштұғырлығы);

— Университет қызметін интернационалдандыру;

— Клиентке бағдарлану;

— Ресурстарды тиімді басқару және тұрақты даму;

— Денсаулық пен білім берудің ұлттық мәнмәтінін дамытуға қосқан үлесі


© 2022, Астана медицина университеті
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 (7172) 53-95-12