Педиатрия мектебі

Педиатрия мектебі

Басшылық
Кәрібжанов Айтбек Әнуарбекұлы
декан

    Медицина ғылымдарының кандидаты, "МУА" КЕАҚ профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының доценті.

   1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. 1996 жылы "Энурездегі вегетативті және иммунологиялық бұзылулар және олардың лазерлік рефлексотерапияны қолдану арқылы емдеу үдерісіндегі динамикасы" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

   1999 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина академиясының балалар аурулары кафедрасының ассистенті және доценті қызметтерін атқарды. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола мемлекеттік медицина академиясының №1 балалар аурулары кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана медицина университетінде факультеттерді басқарды: орта медициналық білім беру факультеті (2003-2006жж.), медициналық-биологиялық ісі, медициналық-профилактикалық ісі және фармацевтикалық факультеттер (2006-2008жж.), педиатрия және шығыс медицинасы факультеті (2008-2010жж.), Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі факультеті (2011-2018 жж.); 2019 жылдан бастап "Стоматология" факультетінің деканы қызметін атқарды. Төмендегі төсбелгілер иесі:

1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі", 2011 жыл.

2) "денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", 2021 жыл.

Кадрлық құрам
Ведомстволық бағынысты бөлімшелер

Мақсаты

   Балалар жасындағы жиі кездесетін аурулардың диагностикасын, дифференциалды диагностикасын және емдеу дағдыларын меңгерген, бала дәрігеріне құзыреттілігі сәйкес білікті маманды даярлау.

Құрылу тарихы
          Педиатрия факультетінде 2012 жылға дейін толық көлемде педиатрларды даярлау жүргізілді.  Жыл сайын 120-дан астам педиатрлар оқу бітірді. Педиатрия факультетінде әр жылдары  декан болып қызмет атқарғандар: медицина ғылымдарының докторы, профессор Скучалина Л.Н., медицина ғылымдарының докторы, профессор Орманов Б.Б, сонымен қатар бірнеше жылдар бойы факультетті медицина ғылымдарының докторы, профессор Мулдахметов Мейрам Сейітжанұлы басқарды - нефрология және пульмонология курстарымен  балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі.
          Болондық білім беру жүйесіне көшуге және педиатриялық факультеттердің жабылуына байланысты 10 жыл бойы балаларға амбулаториялық көмекті жалпы тәжірибелік дәрігерлер жүзеге асырды.     Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен педиатрия факультеті қайта ашылды.  Университет құрылымының өзгеруіне байланысты 2022 жылдың қыркүйегінен бастап барлық бакалавриат мамандықтары жеке мектептерге бөлінді. Педиатрия мектебінің деканы болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбек Әнуарбекұлы Кәрібжанов тағайындалды.

   Мектеп құрамында педиатриялық пәндер кафедралары бар, «Педиатрия» мамандығының білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға университеттің 25-тен астам кафедралары қатысады.
2021 жылы 1 қыркүйекте Астана медицина университетінің КеАҚ-қа 6В10118 «Педиатрия» мамандығы бойынша алғашқы студенттері қабылданды. Қазіргі таңда университетіміздің Педиатрия Мектебінде 1 және 2 курста 412 студент білім алуда.

Қызметі
«Педиатрия» мектебінің қызметі мемлекеттің және университеттің стратегиялық мақсаттарына толығымен сәйкес  және факультеттің даму стратегиясын әзірлеу мен бірге жұмыс берушілермен қарым-қатынасты нығайту және дамыту, университеттің кафедралары  және құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру,    факультеттегі оқу жұмысының ұйымдастырылуын, орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, емтихандық сессиялардың нәтижесін сараптау, оқу процесінің ұйымдастырылуы бойынша ұсыныс әзірлеу және сапасын жақсарту болып табылады.
         Мектеп кафедраларының меңгерушілерімен бірлесе отырып профессорлық-оқытушылар  құрамына кадрларды іріктеуге, факультетте білім беру процесін қамтамасыз етеді.  Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мен аккредиттеуден кейінгі мониторинг кезінде белсенді қатыса отырып, дайындық процесін ұйымдастырады.

     Студенттер оқу корпустарында, университеттің клиникалық базаларында және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде білім алады.
Оқу процесінде студенттердің өзіндік жұмысына үлкен рөл беріледі. Білім алушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері, қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқаулар және академиялық саясатпен білім алушылардың этикалық кодексімен толықтай таныс. Тәрбие жұмысы аясында мінез-құлық мәдениеті және сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгімелер жүргізіледі. Мектептің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «АМУ» КеАҚ мектебі туралы ережелеріне және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
  Факультет кафедрасының оқу процесіне оқытудың инновациялық әдістері, бақылаудың жаңа формалары, балалар ауруларының алдын алу мен емдеудің заманауи әдістері белсенді түрде енгізілуде. Кафедралардың жоғары білікті қызметкерлерімен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерді, білім беру бағдарламаларын дамытуды және мониторинг стейкхолдердің (мүдделі тараптардың) сұраныстарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп студенттері республикалық және халықаралық конференциялар, түрлі іс-шаралар және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, волонтерлік жұмыстарға қатысады.
Жетістіктері
          «Педиатрия» мамандығы қазіргі таңда Басқарма төрағасы - Ректордың м.а. 2021 жылғы 25 мамырдағы № 265н/қ «6В10118 «Педиатрия» мамандығы  бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша өзін-өзі бағалау туралы» бұйрығы негізінде ECF/ESFQA медициналық ұйымдар агенттігінде аккредиттелген.  5 жыл мерзімге сертификат берілді. Кафедра қызметкерлері өздерінің педагогикалық және дәрігерлік біліктіліктерін белсенді түрде арттырады; олар білім арттырудан және тағылымдамалардан өтеді (Республика бойынша және шетелдерде); қоғамдық және кәсіптік бірлестіктердің (балалар жұқпалы аурулары қоғамы, Қазақстандық педиатрлар қауымдастығы) мүшелері болып табылады; республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысу; жарияланымдар мен тезистардың (Web of Science және Scopus, республикалық журналдармен басқа елдің басылымдары) авторлары болып табылады. 
Кафедралардың жоғары білікті мамандары практикалық денсаулық сақтау саласымен белсенді ынтымақтастықта. Мектептің кафедраларының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы бойынша ауқымды ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу-диагностикалық жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру, клиникалық және ғылыми қызметтерді алмастыру аясында шетелдік серіктестермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту (Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск, Гродно), студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тарту  орын алады.
     Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы медициналық ұйымдарға, денсаулық сақтау субъектілері консультативтік-тәжірибелік көмек көрсетеді (өңірлерге бару, сараптамалық жұмыстар, кеңес беру, ота жасау, оқыту, диагностика мен емдеудің жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу, бірлескен жобалар, клиникалық хаттамаларды әзірлеу және т.б.).      Факультет студенттері волонтерлік қозғалыстарды ұйымдастырады: университет ардагерлерінің курациясы, «Сәбилер үйі», «Қарттар үйі» курациялары, қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу.

Байланыс:

Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі,49а
2-қабат, 208 -  кабинет;
тел.:8(7172) 539-434, 539-572
e-mail: karibzhanov.a@amu.kz
       

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика
$('[data-toggle="datepicker"]').datepicker();