Кітапхана

Кітапхана

Басшылық
Есиркепова Гулмира Жарылкапкызы
Директор

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Жарияланымдарды қолдау, кітапхана әдебиеттері орталығы және Университет музейі 2019 жылы құрылды және 3 бөлімді біріктірді: ақпараттық және білім беру ресурстары орталығы, жарияланымдарды қолдау, дәлелді әдебиеттер, ғылыми журналдар редакциясы бөлімі және электрондық музей

Мақсаттар

Қазақстан медицинасының ғылыми жетістіктерін Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде насихаттау, ғылыми-зерттеу нәтижелерін консультатциялық-әдістемелік қамтамасыз ету арқылы және жариялау, журналдардың таралу географиясын кеңейту, жақын және алыс шетел авторларын тарту.

Университеттің бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және кеңейту, анықтамалық-библиографиялық аппараттар мен деректер мәліметтер базасын ұдайы жетілдіру, оқырмандардың әдебиетке деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпарат органдарымен және басқа да мекемелермен байланыс жасау

Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық сезімді, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін дамыту арқылы студенттің мәдени, адамгершілік және эстетикалық тұлғасын қалыптастыру, мектеп оқушылары мен талапкерлерге кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүзеге асыру, университет музейінің  бірегей тарихи құндылықтарын дамыту арқылы оң имиджді қалыптастыруға қатысу.

Қызмет

Бірінші курс студенттерін бейімдеу, сонымен қатар оларды және    басқа да курстардың студенттерін университеттің тарихымен, жетістіктерімен таныстыру мақсатында университет музейі жыл бойы студенттерге жалпы және тақырыптық экскурсиялар өткізеді. Университеттің кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында музейде қала мектептерінің түлектеріне арналған экскурсиялар жүргізіледі.

Музей қызметкерлері жыл сайын университеттің мерейтой иелері туралы фильмдер, сондай-ақ олардың фотосуреттері мен өмірбаяндары бар стендтер дайындайды, 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай музей қызметкерлері университет қызметкерлерінің балаларына мерекелік ісшара ұйымдастырады, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Астана медицина университеті» КеАҚ және Нұр - Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін әйелдер арасында қолданбалы өнер көрмесін ұйымдастырады.

Қазақстанның және  онымен шекаралас аймақтардың тұрғындарының денсаулық жағдайының мәселелеріне, медициналық – биологиялық ғылымдар саласындағы жетістіктерге, науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологияларын енгізуге арналған түпнұсқа ғылыми мақалалар жариялау.

Жетістіктер

Музейге келуші «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерінің, студенттердің ата-аналарының, талапкерлердің, мектеп оқушыларының саны артты. Музейге келуші шетелдік ғалымдар мен бұрын оқу бітірген түлектердің саны артты. Музей университет  қызметкерлерінің мерейтой иелеріне арналған витриналармен жабдықталды. Электрондық экспозициялар жасалды: «ЦММИ-дің алтын қоры»,  А. Кастеев суреттерінің, Дрезден галереясының көшірмелері

Жыл сайын кітапхананың ақпараттық әлеуетіне, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар артып келеді. Университеттің электрондық кітапханасы, оның ішінде өзінің жеке ақпараттық ресурстары мен деректер  базасы дамып келеді, оған желілік технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Байланыс деректері

Университет Музеі: 56-98-61

Ғылыми басылым:  внут.459

Кітапхана: 53-95-33 внут.367

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика