АстМУ оқытушылары мен резиденттері "Өмір үшін Интеграция" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

АстМУ оқытушылары мен резиденттері "Өмір үшін Интеграция" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Кардиоторакальды және бет –жақсүйек хирургиясы курстары мен Хирургиялық аурулар кафедрасының қызметкерлері, кафедраның №1 ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде "Имитациялық ойынмен медициналық эвакуациялау кезеңдерінде жақ-бет аймағының аралас және жанамаласқан жарақатынан зардап шеккендерге медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері"(бейне-сюжеттік рөлдік ойындар)тақырыбы бойынша өз әзірлемелерін енгізді.

 Конференция жұмысына Қазақстан, Болгария, Германия, Израиль, Латвия, Македония, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің апаттар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру саласындағы жетекші мамандар қатысты. 

 ТЖМ,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы әкімдігі  және РҚҰ «Ұлттық медицина ассоциациясы» ұйымдастырған Халықаралық ғылыми практикалық конференцияда «Астана медицина университеті» КеАҚ 3 баяндама жасалды, олардың бірін резидент жасады. Қатысушыларға сертификаттар берілді . Баяндалған ғылыми-зерттеу жұмысы актуальділігіне байланысты ТЖМ Азаматтарды қорғау академиясы келешекте ғылыми практикалық жұмыстарды бірлесіп жалғастыруға ұсыныс жасады.

  АстМУ ардагерлері ұлттық медицина қауымдастығының жоғары наградаларымен марапатталды: Т.У. Батыров - "HIPPOCRATES" орденімен; Т. В. Жақанов "Алтын Дәрігер" төсбелгісімен марапатталды. Кафедра ұжымын және дәрігерлердің әріптестерін жоғары наградалармен құттықтаймыз!


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика